Ақтауда Ұлттық ұлан қатары 200-ден астам жас сарбазмен толықты
Курс валют в Актау
на 21/07/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
21 Июля, 09:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда Ұлттық ұлан қатары 200-ден астам жас сарбазмен толықты

20 Июля 2026 (12:08) | 1 | Автор: Абдрасул Абдрашит

         Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шарада 200-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант беріп, Ұлттық ұлан сапына ресми түрде қосылды.
Биылғы жас толым Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан шақыртылған. Бірнеше апта бойы алғашқы әскери даярлықтан өткен сарбаздар саптық дайындықтарын шыңдап, әскери жарғыларды меңгеріп, ант қабылдау рәсіміне тыңғылықты әзірленген.
         Жас жауынгерлердің өміріндегі маңызды күнге олардың ең жақын жандары да куә болды. Салтанатты рәсімге Қазақстанның әр өңірінен келген 600-ге жуық ата-ана мен жақын туыстары қатысып, перзенттерінің әскери өмірге қадам басқан сәтін тамашалады.
          Әскери ант – әрбір жауынгердің өміріндегі ең қастерлі сәттердің бірі. Ол Отан мен халық алдындағы адалдықтың, әскери борышты абыроймен атқаруға берілген серттің айқын көрінісі.
            Қатардағы Мұратов Бекнұр:
        – Бүгін мен үшін ерекше әрі ұмытылмас күн. Әскери ант қабылдау – үлкен жауапкершілік. Бізге сенім артқан халықтың және ата-анамыздың үмітін ақтау үшін адал қызмет етуге дайынбыз. Бір жылдық әскери қызмет барысында тәртіпті, шыдамды және нағыз азамат болып қалыптасуға бар күшімізді саламыз, – деді.
         Ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар әскери бөлімдерге бөлініп, жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңіне кіріседі. Алдағы бір жыл ішінде олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және маңызды мемлекеттік нысандарды күзету бойынша жауынгерлік міндеттерді атқаратын болады.
        
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему