Ақтау жастары «Елдік рухтың жарқын үлгісі» акциясын ұйымдастырды
7 Июля 2017 (20:43) | 1836 | Автор: Нурганым Имашева
«Астана күні» - мемлекеттік мерекесін тойлау аясында Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыс орталығында «Елдік рухтың жарқын үлгісі» акциясы өтуде.
Аталмыш шара барысында жастар бастама көтеріп, Ақтау қаласының адамдар көп баратын мейрамханалар мен дәмханаларына барып, олардағы үстелдер үстін мемлекеттік көк туымыздың шағын бейнесі болып табылатын көгілдір жалаушалармен безендірді.
-Бұл акцияны өткізудегі мақсатымыз – әрбір қазақтандық азамат, қаламыздың әрбір тұрғыны көк туымызды – елдігіміздің нышаны ретінде құрметтеп, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік екенін сезініп, егемен еліміздің жарқын келешегіне нық сеніммен қарап, Қазақстанның өсіп-өркендей түсуі үшін әркім өз үлесін қосуға ұмтылса деген ізгі ой, -дейді шараны өткізуші Ақтау қаласының белсенді жастары.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему