Қоршаған ортаны аялауда үлгілі іс атқарды
2 Июня 2019 (13:41) | 1777 | Автор: Нурганым Имашева
«Ресейлік теңіз кеме қатынасының тіркелімі» Федералды автономдық мекемесі филиалының («РТКҚТ» ФАМ филиалы) директоры Одинцов Геннадий Николаевич бастаған қызметкерлерімен бірге Каспий теңізінің жағалауы, яғни Ақтау қаласынан 63 шақырым жердегі «Көгілдір қойнаудың» аумағын жинауды ұйымдастырды.
-Бұл іс-шара туған өлкеге ұқыпты қараудың тамаша үлгісі болып табылады. Егер әрбір адам баласы ойланса және өз күшімен тәртіпті сақтау мен қолдауға көмектессе, онда ертеңгі күні таза қоршаған ортаның мүмкіндігі бар екенін жеткізгім келеді – деп атап өтті Геннадий Николаевич.
Біршама шағын аумақта олар 20 қап қоқыс жинай алды. Пластикалық және қағаз пакеттер, бөтелкелер, қаңылтыр банкалар және басқа қалдықтар мұқият сұрыпталып, жағадан шығарылды.
Қызметкерлер өз балаларымен бірге барып, оларға жинау барысында табиғатқа қалай дұрыс және ұқыпты қарау, ресурстарды бағалау мен сақтау керектігін түсіндірді. Содан кейін, балаларға арналған ойын-сауық және демалысты ұйымдастырудың сәті түсті.
«Көгілдір қойнау» - маңғыстаулықтар үшін ең сүйікті демалыс орнының бірі болып табылады. Суға түсу мен балық аулауға қолайлы орында жақын арада жазғы демалыс қарсаңында мұнда тағы да көптеген демалушылар басқосады. Жүргізілген жұмыс, әрине, жағалаудың қоқыстануы мәселесін түбегейлі шешпеді, бірақ азаматтарға қоғамның экологиялық дамуы мәселесінде жақсы үлгі көрсетті.
Маңғыстау киелі жерінің тұрғындары мен қонақтары Каспий теңізінің жағалауы аймақтарының тазалығына немқұрайлы қарамайтын және демалыс орындарында бөтелкелер, целлофан пакеттері және басқа да тұрмыстық қалдықтарды тастамайтын болады деп үміттенеміз. Егер бірдеңені өзгерткің келсе – өзіңнен баста.
Сурет мақала кейіпкерлерінің мұрағатынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему