Коммуналдық қызметке қарызы 100 мың теңгеден асқан
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 06:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Коммуналдық қызметке қарызы 100 мың теңгеден асқан

2 Февраля 2017 (21:18) | 1672 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Жаңаөзен қалалық сотымен талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-ның жауапкер Ж-дан 100 390 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

 

Іс Қазақстан Республикасы АПК-ның 145-бабының 1-бөлігіның 1) тармақшасына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған.

 

Сотпен талапкердің коммуналдық қызметін көрсету жөнінде міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалғаны, ал жауапкердің коммуналдық қызметі үшін төлемақыны өтемегені анықталды.

 

Қазақстан Республикасының АК-нің 482-бабының 1-бөлігіне сай, энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

 

Қазақстан Республикасының АК-нің 272-бабына сәйкес міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес, тиісінше орындалуға тиіс деп көрсетілген баптар негізінде Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен талап қоюшы «Өзен жылу» ММК-ның талабы толық қанағаттандырылып, жария шарт бойынша коммуналдық қызмет үшін төлемақы қарызы өндірілді. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему