Облыстық филармонияның ұйымдастыруымен дәстүрлі ән салтанат құратын өнер кеші өтеді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 04:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық филармонияның ұйымдастыруымен дәстүрлі ән салтанат құратын өнер кеші өтеді

19 Февраля 2019 (11:06) | 5124 | Автор: Нурганым Имашева

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары және меймандары!

 

 

Сіздерді аймақтың мәдениет саласы, М.Өскінбайұлы атындағы облыстық филармонияның өнер ұжымының ұйымдастыруымен өтетін Кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Туған дала төсінде, ән боп туған мен балаң» атты концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырады.

 

Сырлы әннің шырқау шыңына шығып, тыңдаушысын нәзік сезімнің түпсіз терең тұңғиығына бойлатып, талайды жырымен табындырып, тамсандырып өткен сұлу саздың сұңқары Ғарифолла Құрманғалиевтің мерейлі 110 жылдығына арналған мерекелік кешке Орал қаласынан осы кешке арнайы шақыртылған Ғарифолла Құрманғалиевтің төл шәкірті ҚР еңбегі сіңірген қайраткер, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев пен Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Кәкімов, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің доценті, Ғылыми өнер кандидаты Меруерт Құрманғалиева қатысады.

 

 

Сонымен қатар дәстүрлі ән кешінде М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен филармонияның әншілері өнер көрсетеді.

 

21-ші ақпанда концерт Жаңаөзен қаласында өтеді.

 

Өнер кешін тамашалап, рухани демалып, тынығып қайтуға асығыңыз ағайын!

 

Өтетін жері: Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры

 

Өтетін уақыты:20 ақпан 2019 жыл

 

Басталуы: сағат 19.00

 

 

Суреттерді ұсынған облыстық филармония

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему