Маңғыстаулық тәртіп сақшылары атақты марафоншы Марат Жыланбаевпен бірге жарысқа шықты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары атақты марафоншы Марат Жыланбаевпен бірге жарысқа шықты

16 Мая 2019 (09:26) | 1461 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінде тәртіп сақшылары үздік марафоншы, Азия, Африка, Австралия және Американың ең ірі шөлдерін жалғыз жүгіріп өткен адамзат тарихындағы тұңғыш және жалғыз атлет Марат Жыланбаевпен кездесті. Ол полиция қызметкерлеріне өзінің өмірі, спорттық мансабы туралы айтып, көп жылдық тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ стартқа қалай дайындалуға керектігі жөнінде кеңес беріп, жүгірудің бірнеше тәсілдерін көрсетті.

 

 

Полиция департаментінің бастығы Қ. Таймерденов бастаған жеке құрам супермарафоншымен бірге жарысқа шығып, 4,5 км қашықтықты жүгіріп өтті.

 

Марат Жыланбаев бірнеше әлемдік рекордтар орнатты, олардың жетеуі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. 1990 жылдардың басында Жыланбаев белгілеген әлемдік рекордтардың басым бөлігі бұрынғысынан кейін ешбір қайталанбаған.

 

Марат Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, спорт шебері, марафондар мен ультра-марафондарға арналған жеке жаттығу жүйесін әзірледі. Спорттық мансабының өрлеген жылдарында ол 160 мың шақырымнан астам қашықтықты жүгіріп өтті.

 

М. Жыланбаев адамзат тарихындағы барлық белгілі экспедициялардан, соның ішінде жер шарындағы экспедициялардан өтті. Жалғыз өзі едәуір қашықтықты бағындырды. Ол адам денесі мен рухының мүмкіндіктері туралы түсініктерді кеңейтті. Батыста төзімділік пен күші үшін оны "Шыңғысхан" және "Кэмел"деп атаған. Жүгіруге деген құштарлығы үшін ол Форрест Гамп деген атқа ие болды.

 

 

-Марат Жыланбаев Қарағанды облысындағы Қарқалалы даласында 1963 жылдың тамыз айында дүниеге келген. 7 жасында Марат Жыланбаев ата-анасынан айрылып, балалар үйіне тап болады.

 

90-шы жылдардың басында Марат Жыланбаев шексіз жаттығу және ультрамарафондар арқасында өз денесін, ақыл-ойы мен рухын адамдық шекарасынан асырып тәрбиелеп, жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

 

Ол жаңа әлемдік рекордтарды орнатады, ғаламшардың ең ұлы шөлдерін жеңеді, ауыр сынақтар мен тосқауылдар арқылы өтеді, оны кез-келген гиперболасыз фигуралдық және дәлме - дәл мағынада - Жердегі ең төзімді және ең күшті адам деп атауға болады,- деп хабарлайды осы жағымды жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему