Тұрғын үй секторларында өрттердің өсуі артуда
31 Июля 2018 (10:21) | 1783 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Ақтау қаласында өрттердің кобею себебіне талдау жасап, өртің 45 пайызға артып отырғанын анықтады.
Бүгінгі күнге дейін Ақтау қаласы аумағында 60 өрт оқиғасы тіркелді, соның ішінде 21 өрт оқиғасы тұрғын секторда орын алған, 21 өрт оқиғасы автокөліктерде тіркелген, қалғаны әртүрлі нысандарда орын алған (2017 жылы - 37 өрт оқиғасы тіркелген), салыстырмалы түрде қарағанда 45 пайызға артып отыр.
Өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды және өрт кезінде құтқарылғандар - 27 адам. Өрттің шығу себептеріне келетін болсақ: отты абайсыз қолдану бойынша - 5 өрт оқиғасы, электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау ережелерін бұзушылық бойынша - 23 өрт оқиғасы, балалардың отпен ойнауы бойынша - 2 өрт оқиғасы, қасақана өртену фактысы бойынша - 4 өрт оқиғасы және басқа да - 26 өрт оқиғасы тіркелген.
Ағымдағы жылдың 26-шы шілдесі күні Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік құрамымен тұрғын секторлардағы өртті, өрт салдарынан қаза болатын адам шығынын болдырмау мақсатында, сонымен қатар, адам денсаулығына және өміріне қауіптің алдын алу мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, прафилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Ақтау қаласы 12 шағын аудан 34 үйдің тұрғындарымен кездесіп, аула аралау жұмыстары жүргізілді. Барлық тұрғындарға өрт қауіпсіздік тематикасымен 102 жадынамалар таратылып, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауы нақтыланды.
Статистика көрсеткендей, халықты тұрмыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша хабардар ету бөлігінде қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан, тұрғындар арасында жеке қауіпсіздік мәселесіне деген мәдениет деңгейінің төмендеуі байқалады.
Тұрғындар арасында жүргізіліп жатырған үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары оң нәтиже беріп, тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне деген мұқият болуы қадағаланады деген үміттеміз!
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының
азаматтық қорғау капитаны Г.Ордабаева
Суреттерді түсірген Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему