2021 жылы ақтаудағы қоғамдық көліктердің 95%-ы жаңартылады деп жоспарланған
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 23:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2021 жылы ақтаудағы қоғамдық көліктердің 95%-ы жаңартылады деп жоспарланған

6 Мая 2021 (16:28) | 1718 | Автор: Редакция

2021 жылы Ақтаудағы қоғамдық көліктердің 95%-ы жаңартылады деп жоспарланған. Ақтау қаласының қоғамдық көлік автобустарын жаңарту мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі «Каспий» ӘКК ҰК және Ақтау қаласының әкімдігімен бірлесіп жоба дайындады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті.

Оның айтуынша, жобаның 1 - кезеңі бойынша Ақтау қаласының қоғамдық көлік саласына «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның лизингтік бағдарламасы арқылы Қостанай облысының «СарыАрқаАвтоПром» зауытында құрастырылған «Ютонг» маркалы 18 дана заманауи автобусы сатып алынды.

«Өздеріңіз білетіндей Ақтауда 2020 жылдың 1-ші қарашасынан бастап жаңа автобустар қалалық қоғамдық көліктерде, яғни №3, №7, №8 іске қосылды. Қалған қоғамдық көлік автобустарын жаңарту мақсатында, тасымалдаушылар тарапынан тағы 30 төмен еденді жаңа автобустар әкелінді. Оның 12-і Мұнайлы ауданының №107 маршруты үшін. Аталған автобустар қолданыстағы №5, №4м маршруттарында жүргізіледі»,- деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қаламыздың №2, №4 маршруттары автобустарын жаңарту үшін «Каспий» ӘКК ҰК-на жаңа 16 автобусқа ұсыныс берілді. 2021 жылдың соңына дейін автобустарды қалаға жеткізіледі деп жоспарланған. Бұдан бөлек, тасымалдаушы мекеме өз қаражаты есебінен 10 дана жаңа заманауи «DAEWOO» маркалы автобустарын сатып алу бойынша алғашқы жарнасын төлеп, құрастырушы кәсіпорынмен келісім шартқа отырды. Автобустар 2021 жылдың II тоқсанында жеткізіледі деп күтілуде.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему