Ақтауда «Билер кеңесі» құрылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Билер кеңесі» құрылды

27 Апреля 2019 (09:14) | 1903 | Автор: Нурганым Имашева

«Қазақстан Халық Ассамблеясының Маңғыстау облыстық филиалында Билер кеңесін құру және олардың мүшелерін сайлау жөнінде кеңес отырысы өтті. Отырыста қоғамдық бірлестік ретінде құрылатын Билер кеңесінің төрағасы болып бірауыздан химия ғылымдарының кандидаты, қалалық маслихат депутаты Марат Молдағұлов, хатшысы болып отставкадағы судья Гүлжахан Имангалиева сайланды.

 

 

Сондай-ақ Билер кеңесінің 9 мүшесі мен 3 адамнан тұратын жұмыс тобы да белгілі болып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді»,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.

 

Өңірде алғаш пайда болған Билер кеңесінің құрамына қоғам қайраткерлері, отставкадағы судьялар мен облыстың құрметті азаматтары енгізілді. Аталған құрам қоғамда орын алған дауларды бітімгерлікпен шешу жолдарын қарастыратын болады. Кеңес төрағасы алдағы жұмыс бағыттарымен, кеңес мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын түсіндірді. Билер кеңесінің аудан, қалаларда тұратын мүшелері өз тұрғылықты жері бойынша тараптарды қабылдауға құқылы.

 

 

Осыдан соң Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Халық Ассамблеясының облыстық филиалында «Билер кеңесінің жұмыс бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев және алқа төрағалары, судьялар, Билер кеңесінің төрағасы Марат Молдагулов пен кеңестің мүшелері, Ш.Есенов атындағы университеттің оқытушылар құрамы мен медиаторлар, өңірдің қариялары мен отставкадағы судьялар қатысты.

 

 

Дөңгелек үстелде сөз алған Ержан Даулиев қоғамда түрлі әлеуметтік, азаматтық, экономикалық даулардың қатары көбейіп, әрбір үшінші адам сот әуресінде жүргенін айтып, дауларды азайтудың бір тетігі – татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту екендігіне назар аударды.

 

Одан әрі Руслан Сәкеев дауларды сотқа дейін шешу тетіктерін іске қосу, билер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, медиаторлардың қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында республика бойынша 200-ге тарта «Билер кеңесі» құрылғандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол өңірде «Билер кеңесінің» атқаратын жұмысы мен қоғамдағы рөлі туралы баяндады.

 

 

Жиын барысында облыстық соттың төрағасы өңірде медиация кабинеттерінен бөлек, университетте және Кәсіподақтар үйінде татуластыру орталықтары, «Атамекен» ҰКП облыстық филиалында татуластыру секторы қызмет көрсететінін, алайда, осы жұмыстардың барлығы әлі де қоғамда дауды азайта алмай отырғанын айтып, дауларды азайтуға Билер кеңесі үлкен үлес қосатындығына сенім білдірді.

 

Іс-шара барысында «Билер кеңесінің» жұмысы туралы арнайы дайындалған ролик көрсетіліп, кеңес мүшелерін жаңа қызметтерімен құттықтап, оларға естелік ретінде киелі Маңғыстау өңірі мен аңыздары туралы кітаптар сыйға тартылды.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему