Ақтауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына сот басталды
19 Июля 2019 (12:17) | 1555 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған С.Аманғалиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4 бөлігімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.
С.Аманғалиев мемлекеттік қызметке және мемлекеттік басқару қызметіне қарсы аса ауыр көлемде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша 05.11.2018 жылы сот санкциясымен қамауға алынған.
Яғни, ол 3.11.2018 жылы сағат 18.40 шамасында Ақтау қаласындағы халықаралық әуежай территориясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлеріне ұсталып, С.Аманғалиевтан 115 000 еуро көлемінде ақшалай қаражат табылған.
Сот отырысы ашық, азаматтар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтуде.
Фото редакция мұрағатынан алынды
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему