2020-2021 жылдары Мұнайлы ауданы ауыз сумен толық қамтылады
9 Апреля 2019 (15:35) | 3027 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров айтты.
Баянды, Батыр, Дәулет, Атамекен ауылдық округтері толықтай ауыз сумен қамтылған. Қызылтөбе ауылдық округін сумен қамту жұмыстарына республикалық бюджеттен 300,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары өткен жылдың сәуір айында басталды. Отыз екі шақырымдық ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін осы жылы республикалық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінген.
Басқұдық ауылдық округін ауыз сумен қамту жұмыстары 2017 жылдың маусым айында басталған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталып, 130 шақырымға ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді.
Айрақты (Маңғыстау-3) тұрғын үй массивіне сумен тарту жұмыстары 30 пайызға орындалған. Айрақты тұрғын үй массивіне су тарту жұмыстарын жалғастыруға және Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын үй массивін сумен қамту жұмыстарын бастау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған.
Қазіргі таңда Мұнайлы ауданын сумен қамту көрсеткіші 74 пайызды құрап отыр, жылдың аяғына дейін 78 пайызға жеткізу жоспарлануда. Ал, 2020-2021 жылдары Мұнайлы ауданы ауыз сумен толық қамтылады.
Бұл туралы біздің басылымға өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Суреттер kaznews.kz, inform.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему