Маңғыстаулық тәртіп сақшылары балаларға қуаныш сыйлады
Курс валют в Актау
на 12/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
12 Мая, 05:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары балаларға қуаныш сыйлады

2 Июня 2019 (09:09) | 1370 | Автор: Нурганым Имашева

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. Тарихқа үңілсек, бұл дата 1949 жылдың қарашасында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен қабылданып, алғаш рет 1950 жылы аталып өткен.

 

 

 

Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға еске салу.

 

-Аталған мерекеге орай Маңғыстау облысы Полиция департаменті өз есігін облыстық балалар ауылының 40 тәрбиеленушісіне айқара ашты.

 

Шараның мақсаты: балаларды өзін құрметтеуге, бойларында әлеуметтік мәнділік сезімін қалыптастыра отырып, өздерін жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

 

 

Балалар Департаменттің мұражайында орналасқан экспонаттармен танысты. Жедел-басқару орталығындағы бейнебақылау камералар арқылы бүкіл қаланы көре алды. Одан кейін балалар "Динамо" спорт кешенінде болып, полицейлермен бірге футбол ойнап, спортпен шұғылданды. Естелік ретінде "Динамоның" спорттық кепкасы тарту етілді.

 

Арнайы автобуспен балалар 14 шағын ауданның теңіз жағалауында орналасқан «Каспий» стационарлық патрульдік бекетіне барып, электромобильдер мен квадроциклдарды көріп қана қоймай, бірге жағажай аймағында серуендеді. Сондай-ақ, балалар полиция жылқыларына мініп, велосипед, ойыншық машиналар айдады.

 

Балаларға сусындар мен тәтті тағамдар таратылып, тәртіп сақшылары оларды Каспий теңізіне катермен қыдыртып қайтты,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему