Маңғыстаулық құтқарушылар Елбасы Жолдауын қолдайды
16 Января 2018 (00:18) | 2069 | Автор: Нурганым Имашева
2018 жылдың 12 қаңтар күні «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған жиын болып өтті. 2018 жылдың 10 қаңтар күні жарық көрген Елбасымыздың Жолдауымен танысып, ой-пікірлерді сараптауға арналған басқосуға филиал басшылығы мен ұжым мүшелері қатысты.
««Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде талқыланып, дүйім жұрттан оң бағасын алуда. Маңғыстаулық құтқарушылар да Елбасының кезекті Жолдауына қатысты өз пікірлерін айтып, ойларын жеткізді. Солардың бірі- «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалының жедел-алдын алу жұмысы жөніндегі инженер Рахымберді Рахманшин. 7 жылдан бері мұнайгаз кен орындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтап, авариялық құтқару қызметінде тер төгіп келе жатқан ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын мұқият оқығанын айтады.
Елбасымыздың әрбір Жолдауын оқып, ел болашағы үшін көтеріліп жатқан бастамалардың барлығын қолдайтынымды айтқым келеді. Сондай-ақ, ондағы міндеттерді атқаруға бәріңізді бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, атсалысуға шақырамын,-деді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалының жедел-алдын алу жұмысы жөніндегі инженері Рахымберді Рахманшин.
Ұжым мүшелері Жолдауды қызу талқылап, маңызды құжатқа деген оң көзқарастарын белсене білдірді.
От пен су кешіп, апаттарды жоюмен, оның алдын алумен айналысатын құтқарушылардың Мемлекет басшысының Жолдауын оқып, Қазақстанның болашағы, ұлттың ертеңі жолында өз пікірлерін белсенді білдіріп, қолдау көрсетіп жатқандарына қуаныштымын. Еңбектеріңізге сәттілік!-деді «КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман.
Маңғыстаулық құтқарушылар Елбасымыздың жаңа Жолдауының жарық көруін маңызды да жағымды жаңалыққа балап, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
«Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалының баспасөз қызметі
Суреттер автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему