Түпқарағанда татуласу бойынша жаңа жоба іске қосылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқарағанда татуласу бойынша жаңа жоба іске қосылды

25 Января 2019 (09:04) | 2205 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық әкімдігінде «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру мақсатында жаңа жоба таныстырылды.

 

 

Жиынға Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұртай Алмашов, Түпқараған аудандық сотының төрағасы Нұртуған Тұржанов, аудан әкімі Айдос Хамиев, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Демеген Садықов, судьялар, жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстел басында Түпқараған аудандық сотының бастамасымен дайындалған «Отбасы-LIFE» жобасы мен «Отбасының ар-намыс Кодексі» таныстырылды.

 

 

-Жобаның мақсаты - отбасы құндылықтарын сақтау, ерлі- зайыптылар арасында неке бұзуды болдырмау, оның алдын-алу, кәмелетке толмаған балалардың толыққанды отбасында тәрбие алуына ықпал жасау және жаңадан отбасын құруға ниет білдірген азаматтарға бағыт-бағдар беру болып табылады. Жобаның аясында көптің талқысынан өткен отбасылық кодекс АХАТ бөлімінде некеге тұрған жас отбасыларға неке куәлігімен бірге сыйға тартылатын болады. Сонымен бірге «Отбасы-LIFE» жобасының аясында аудандық сот жергілікті әкімдік пен мәдениет, жастар ұйымдарымен бірігіп, «Бақытымды бағалаймын» атты бейнеролик түсірді. Роликте татуластыру рәсімі отбасылық оқиға желісінде насихатталады. Жиынға қатысушылар аталған роликті телеарна арқылы қалың көрерменге тарату туралы ұсыныс білдірді, - делінген Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі жолдаған ақпаратта.

 

 

Өз сөзінде Нұртуған Тұржанов аталған іс шаралардың барлығы қоғамда ажырасу деректерінің алдын алу мақсатында жасалғанын атап айтты. Ауданда неке бұзу деректері татуластыру рәсімдерінің арқасында азайып келеді. Статистикаға жүгінетін болсақ, Түпқараған аудандық сотында 2018 жылы неке бұзу туралы 37 іс қаралып, 15 іс бойынша неке бұзылып, 22-сі татуласқан. Ал, 2017 жылы 49 неке бұзу ісі қаралып, 22 неке бұзылған, 23 шаңырақ сақталып қалған.

 

 

Суреттерді түсірген Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему