Маңғыстаудың бағасы 4 айда халыққа 262 мыңнан астам қызмет көрсетті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 17:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудың бағасы 4 айда халыққа 262 мыңнан астам қызмет көрсетті

10 Июня 2022 (16:50) | 1331 | Автор: Редакция

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маңғыстаулықтар тарапынан жыл басынан бері тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі сұранысқа ие. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Маңғыстау облыстың филиалы сапаны бақылау басқармасының басшысы Ақмарал Абдуллаева хабарлады.

Спикердің айтуынша, былтыр халық арасында мүлкінің бар немесе жоқтығы туралы анықтама, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар көп алынған.

- Ал биыл тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі сұранысқа ие. Сонымен қатар, баланың туылуын тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтері бойынша да сұраныс бар. Биылғы жылдың 4 айында онлайн, проактивті және екінші деңгейлі банктер қосымшалары арқылы сәбидің 10 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген. 5580 жас ана бала туғаны үшін бір ретік және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған. Ал 774 асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы әлеуметтік төлем тағайындалған,-деді Ақмарал Абдуллаева.

Спикердің айтуынша, аталған қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен  немесе мобильді азаматтар базасында тіркелгендер проактивті форматта СМС-хабарлама арқылы және екінші деңгейлі банктер қосымшасы арқылы (Каспий, Халық банк) алуға болады.

Жалпы, 2022 жылдың төрт айында филиал бөлімдері арқылы-262 422 мемлекеттік қызмет, оның ішінде электронды түрде - 401, қағаз түрінде - 262 021 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

-2021 жылдың төрт айымен салыстырғанда мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет санының төмендегенін атап өту қажет. Осылайша, көрсетілген қызметтердің жалпы саны 52 мыңға кеміді, ал электронды түрде 168-ге төмендеді. Бұл көрсеткіштер жылдан жылға атқарылған жұмыстың нәтижесінде сервистер мен интеграциялар санының 2 есе артқандығын көрсетеді,-деді Ақмарал Абдуллаева.

Сондай-ақ, спикер брифингте оңтайландырылған қызмет түрлерін атап өтті.

-Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі - Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді. Сондай-ақ, банк қосымшаларының көмегімен автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу сервисін іске қостық. Енді клиенттер бұл қызметті алу үшін автоцонға бармай-ақ, онлайн режимде рәсімдей алады. 2022 жылдың 4 айында 15 594 көлік онлайн тіркелді,-деді Ақмарал Абдуллаева.

Бұдан бөлек, спикер білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) мемлекеттік қызметі туралы айтып берді. Ол электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді. 1-ші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. Ол үшін, электронды үкімет порталы арқылы:
1. Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);
2. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.

- Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет) және де дайын құжаттарды алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгіну міндетті емес. Қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде дайын құжаттарды клиенттің үйіне немесе жұмысына дейін жеткізу қызметі іске қосылды. Оның ішінде 150-ге жуық мемлекеттік қызмет, атап айтқанда: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар. Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің телефон нөміріне SMS-хабарлама келіп түседі. Хабарламадағы сілтеме арқылы өтінімді толтырса жеткілікті. Құжатты жеткізу мерзімі –  1 жұмыс күні. Қызмет ақылы болып табылады, қала бойынша жеткізу құны – 972 теңге,-деді Ақмарал Абдуллаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему