«Сапалы кадр болмаған жерде өнімді жұмыстың болмасы да анық»
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 23:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Сапалы кадр болмаған жерде өнімді жұмыстың болмасы да анық»

31 Января 2017 (15:54) | 1912 | Автор: Мира Ботабекова

 

«Сапалы кадр болмаған жерде өнімді жұмыстың болмасы да анық»

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Калпаковпен сұхбат

 

-Еліміздегі біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы сот болып табылады. Осы сотқа келушілерге көрсетілер қызметтің сапасы туралы не айтар едіңіз?

 

 

 – Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіз мемлекетіміздің сот жүйесінің ойдағыдай жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған деуге толвқ негіз бар. Заңдылық пен әділеттілік өркениетті елдің тірегі екендігін, оны іс жүзінде қамтамасыз ету әр судьяның, әр сот қызметкерінің басты міндеті деп білемін. Өлкеміздегі әрбір сот ғимараттарында, сот мәжілісі залдарында еліміздің көк туы желбіреп, мемлекетіміздің Елтаңбасы алыстан көз тартып, жарқырап тұр. Сот ғимараттарына кіре берісте тексеру құрылғылары орнатылып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, сенім телефондары жұмыс жасауда.

 

 Өңірдегі 14 соттың алдына пандус орнатылып, мүгедектерге де қолайлы жағдай жасау біздің назардан тыс қалмаған. Облыстық сот, Ақтау қалалық соты және Ақтау қаласының №2 сотына мүгедектерге арналған арнайы арба құрылғысы бар. Азаматтардың құқықтық сауатын көтеруге, заң талаптарын түсіндіруге арналған арнайы бұрыш ашылып, өз құқықтарын қорғау үшін заңмен белгіленген тәртіпте сотқа жүгіну нұсқаулығы, басқа да қажетті түсіндірме кеңестер, ақпараттық мәліметтер ілінген.

 

Ең бастысы сотқа келген тұлғалардың сот құжаттарының үлгілерін пайдалану және сот өндірісіндегі істердің қаралатын күні мен уақыты туралы ақпарат алуға мүмкіндігі зор. Төменгі қабатта орналасқан көгілдір экраннан сотқа келушілер қаралатын істердің уақытымен танысып, соттағы жаңа технологиялар туралы бейнероликтер үздіксіз көрсетіледі. Күту залына ауыз су қондырғылары орнатылып, газет-журналдар қойылған. Азаматтардың сот кеңсесіне өткізетін арыз-шағымдары арнайы бөлінген «Құжаттарды қабылдау» бөлмесінде жүзеге асырылады.

 

«Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы азаматтар үйде отырып-ақ, ғаламтор арқылы электронды түрде талап-арыздарын беріп, сол арыздарының қандай сатыда жүріп жатқанын қадағау мүмкіндігіне ие. Бұл жүйе арқылы өзге мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға болады, барлық тіркеу түрлері онлайн режимінде.

 

 Сонымен қатар, облыстық сотының төрағасы азаматтарды әр бейсенбі күні сағат 16:00-18:00-де қабылдап, тұрғындардың сұрақтарына жауап беру дәстүрлі шарамызға айналған. Одан өзге, облыстық соттың сайтында «Төраға блогі» жүйесі арқылы да өлке тұрғындары төраға атына сұрақ бере алады. Халық тарапынан мұнда келіп түскен әрбір сұрақ жіті қадағаланып, жауапсыз қалмайды. Соттардың халыққа қолжетімді болуы үшін жасалып жатқан шаралардың тағы бірі – барлық соттарда сот төрағаларының сенім жәшіктері ұйымдастырылған. Сенім жәшіктеріне келіп түскен арыз-шағымдар уақытында тексеріліп, тиісті мәлімет облыстық сот төрағасына беріліп отырады.

 

-«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 20-қадамына сәйкес барлық сот процестеріне дыбыс және бейнетаспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу тапсырылды. Айтылған мәселелер облыс соттарында қаншалықты шешімін тапқан?

 

- Бүгінде, облыстық сотта бұл мәселе оң шешімін тауып, барлық сот залдары дыбыс-бейнежазба құрылғыларына толықтай қосылып, әрбір сот отырысы «Тайға таңба басқандай» дыбыс-бейне және үнтаспаға жазылу арқылы өтуде. Әрине, бұл қағазбастылықтың алдын-алып, судья мен сот хатшысының жұмысын біршама жеңілдететті. Сот билігінің халық үшін ашық, қолжетімді, жариялықты ұстануы маңызды. Себебі, халық заңға сеніп, әділеттілікті қадір тұтса, бұл елдің дамығандығының көрсеткіші емес пе? Облыстық сотта дыбыс-бейнежазбаға қосылған 4 сот отырысы залы болса, аудандық соттарда 38 зал бар. Яғни, бүгінде барлығы облыс бойынша 42 зал дыбыс-бейнежазба құрылғыларына қосылған. Өткен жылдың 12 айында дыбыс-бейнежазбамен аудандық соттарда қаралған істер 90,8 пайызды құрады.

 

-Сапалы жұмыс жүргізу үшін сапалы кадрдың болуы маңызды. Облыстық соттағы кадр мәселесіне тоқталсаңыз?

 

 

– Иә, дұрыс айтасыз, сапалы кадр болмаған жерде өнімді жұмыстың болмасы да анық. Маңғыстауда 1 облыстық, 13 аудандық және оған теңестірілген соттар қызмет атқарады. Облыс бойынша сот кеңсесі қызметкерлерінің штаттық құрамы 211 бірлікті құрайды. Облыстық сотта мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін және беделін қалыптастыру үшін үнемі семинар, дөңгелек үстел, алуан түрлі жарыстар тұрақты өткізіледі. Оның дәлелі санаулы күндер бұрын аймақтық соттар арасында өткізілген «Ең үздік мемлекеттік қызметші» жарысы. Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардан іріктеліп, ең мықты, белсенді деп танылған үміткерлер сайыста бақ сынасты. Басты мақсат - сот кеңсесінің қызметкерлерін отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеп, ұлттық құндылықтар мен тарихты жете білуге ынталандыру болатын. Дана халқымыз «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, мұндай жарыстардың мемлекеттік қызметшілерді шыңдап, жетістігіне жетістік қосатыны сөзсіз. Сондай-ақ, сот қызметкерлері соттағы соңғы жаңалықтар, қызықты істер туралы да мақалар жазып, БАҚ беттеріне жариялауда. Бұл бойынша да жыл басында арнайы жоспар бекітіліп, сапалы мақала шығару қадағаланып келеді.

 

- Елбасымыз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейтуді тапсырғаны белгілі. Осы орайда ҮЕҰ-мен байланыстарыңыз қалай?

 

 

- Сөзің аузыңызда, бүгінде соттағы кез келген шара осы ҮЕҰ-дың қатысуымен өтеді десем артық айтпағаным. Оған дәлел бүгінге дейін бірлесе өткізілген дөңгелек үстел, семинар, түрлі шаралар болмақ. Сот органдары, ҮЕҰ әртүрлі функцияларды атқарғанымен, бір әлеуметтік ортада, демократиялық мемлекетте бір құқықтық міндетті орындап, қоғамдық мүддеге қызмет етеді. Сот органдарының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуде ҮЕҰ-дың халық пен сот билігі арасында дәнекер болуы өте маңызды деп санаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту, шешім қабылдау процесіне азаматтарды белсенді қатыстыруды тапсырған болатын. Тапсырмаға орай, ҚР Жоғары Сотының Төрағасы Қайрат Мәми соттардың БАҚ-пен, үкіметтік емес ұйымдармен байланысына ерекше ықылас танытып отыр. Бүгінде Жоғарғы Сот беделді үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен сындарлы ынтымақтастық орнатты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы, Қазақстан Журналистер одағы, Бас редакторлар клубы, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры, «Internews», ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі және тағы басқалар бар.

 

Өңірімізде де елдің игілігі үшін жұмыс істеп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда белсенді күресіп жүрген «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінің, «Жастар жетістіктері» қоғамдық бірлестігінің рөлі зор. ҮЕҰ қызметі халық пен билік арасындағы алтын көпір десем артық болмас. Біздің міндетіміз бір. Ол – қоғамдық мүддені қорғау. Біз тек қоғамдық мүддені қорғау арқылы ғана өз миссиямызды жүзеге асыра аламыз. Тәуелсіз сот және үкіметтік емес ұйымдар нағыз демократиялық мемлекеттің тірегі. Сондықтан, халықтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында ҮЕҰ-мен қоян-қолтық қызмет етіп келеміз және ете береміз дегім келеді.

 

-Әңгімеңізге рахмет!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему