«Жастар керуені» Түпқараған ауданында
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 12:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жастар керуені» Түпқараған ауданында

7 Ноября 2017 (09:51) | 2792 | Автор: Нурганым Имашева

 

1 қарашада Жаңаөзен қаласынан бастау алған «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» бүгін - 6 қарашада Түпқараған ауданының Ақшұқыр кентіне келіп жетті. Облыс орталығынан келген керуен делегациясын Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Айкүміс Сәрсенғалиқызы Досанова және Ақшұқыр ауылының әкімі Айсағали Нұғманов бастаған ауылдың ақсақалдары-сәнді ұлттық киім киген аталар мен ақ жаулықты әжелер сән-салтанатпен қарсы алды.л

 

Керуен көші алдымен Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясына барды. Ол жерде Маңғыстау жастары ардагер-ұстаз, мектеп директоры Оңайбай Рахиұлы Әбдірахманды 70 жас мерейтойымен құттықтады.

 

Бұдан соң ақшұқырлықтар керуен делегациясының мүшелерін осындағы «Қазақ Бекіре» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорнына - бекіре балығын өсіру зауытына алып барды. Қонақтарға өсіріліп жатқан балықтар көрсетілумен қатар кәсіпорынның мүмкіндіктері, жетістіктері туралы мәліметтер ұсынылды.

 

 

Мәдениет үйінде басталған кең ауқымды шарада «Рухани жаңғыру- Жастар керуенінің» құрамындағы спикерлер ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуді «Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Гүлшат Бултенова модератор ретінде жүргізді.

 

Жиын басында сөз алған Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Айкүміс Досанова және Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов «Жастар керуенінің» өңір жастары үшін ұсынар мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

 

Ақшұқыр кентінің тұрғындарымен басқосуға келген бір топ спикерлерге ашық сұхбат алаңында сахна төрінен орын ұсынылды. Спикерлер мен кеңесшілер қатарында «Жаңа серпін» орталығының бөлім басшысы Меруерт Досанова, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев, «Рухани жаңғыру» офисінің сарапшысы Бақтыбай Жайлау, ережесіз жекпе-жектен 2016 жылғы спорт шебері Шыңғыс Қайранов, «Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілдері Майланова Бәлияш, Қаратаев Ахметхан және «Түпқараған жастары» ЖҚБ төрағасы, жыл көшбасшысы Н.Мағдатов, қазақ күресінен ҚР бойынша спорт шеберіне үміткер Ж.Таңатов, Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Аталықова Жұлдыз және Қарақия кәсіптік колледжінің оқу ісінің орынбасары Айнұр Сәбиева болды.

 

 

Жастармен кездесуге арнайы келген әр сала маманына сұхбат алаңында сөз кезегі ұсынылды. «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау залдағы жас өрендерге мемлекет басшысының – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудың негізгі бағыттары туралы түсіндірді.

 

Маңғыстаудай киелі, қазыналы өлкенің тұнған тарихын зерттеп-зерделеуге үндеді және өзінің бастауымен бүгінгі таңда өңірде түсіріліп жатқан «Құлшар» фильмі туралы әңгімелеп, Маңғыстау аймағында бірде-бір жергілікті жастар арасынан шыққан режиссердің болмауына орай, жас өрендердің осындай тамаша, шығармашылық кәсіпті таңдап, мемлекеттік грантпен оқуға түсу мүмкіндігі бар екеніне назарын аударды.

 

 

«Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілі Майланова Бәлияш тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері жайлы пайдалы ақпаратпен бөліссе, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев жастардың өз кәсібін ашуы үшін мемлекеттік «Даму» қоры арқылы ұсынылар аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндірді.

 

Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Аталықова Жұлдыз жат діни ағымдардан сақтану жөнінде жасөспірімдерге пайдалы кеңестерін ұсынды. Интернет-сайттар арқылы теріс пиғылды діни ағымдардың ақпаратын таратқаны үшін заңмен көзделген жауапкершілік жөнінде ескертіп өтті.

 

 

«Шах-қазақ» лақап атымен танымал, ережесіз жекпе-жектен 2016 жылғы спорт шебері Шыңғыс Қайранов өзінің спорттағы жетістікке жету сырымен бөлісіп, жас ұрпақты намысты, жігерлі болуға шақырды.

 

«Жаңа серпін» орталығының бөлім басшысы Меруерт Досанова жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша аймақ жастарына арналған кәсіптік бағдар берудегі, мамандар дайындаудағы мол мүмкіндіктерді атап өтіп, бұл бағытта жұмыспен қамтылатын жастарға жасалатын жағдайлар (жатақхана, шәкіртақы) туралы баяндады.

 

«Түпқараған жастары» ЖҚБ төрағасы, жыл көшбасшысы Наурызбек Мағдатов ҮЕҰ-ды ашу, оның жұмысын жүргізу, өзі басқарып отырған Бірлестіктің бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері, табыстары туралы жастарға әңгімелеп берді.

 

Қарақия кәсіптік колледжінің оқу ісінің орынбасары Айнұр Сәбиева жасөспірімдерге мемлекет тарапынан ұсынылатын тегін кәсіптік білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылған аудандардағы ресурстық орталықтары туралы ақпаратты ұсынды.

 

 

«№7 Өрт сөндіру бөлімі» басшысының орынбасары С.Ақабаев Көкшетау қаласындағы КТИ ЖОО түсу арқылы ТЖ саласының маманы болу мүмкіндіктерін түсіндірді. Өртсөндіруші мамандығын таңдауға жастарды үндеді.

 

Шара аяқталған соң мәдениет үйінің фойесінде керуен қатарында келген әртүрлі сала мамандары ауыл тұрғындарына арнап кеңестер берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему