Биыл Маңғыстаудағы кәсіпорындарда 689 заң бұзушылық анықталды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 17:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстаудағы кәсіпорындарда 689 заң бұзушылық анықталды

6 Октября 2021 (14:02) | 1139 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұралы Баулыбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл өңірдегі кәсіпорындарға мемлекеттік еңбек инспекторлары 332 тексеру жұмысын жүргізді. 

«Тексеріс нәтижесінде жыл басынан бері 689 заң бұзушылығы анықталған. Оның 410-ы еңбек қатынастарына қатысты. 269-ы қауіпсіздік және еңбекті қорғауға және тағы 10-ы халықты жұмыспен қамту бойынша. Мемлекеттік еңбек инспекциясы заң бұзған кәсіпорындарға 5,7 млн. теңге көлемінде 37 әкімшілік айыппұл салды», - деді Нұралы Баулыбаев.

 Сондай-ақ, биыл облыс аумағындағы кәсіпорындарда 31 жазатайым оқиға тіркелген. Осыған орай, басқарма арнайы коммиссия құрып, тексеріс жұмыстарын ұйымдастырды.

 «Маңғыстау облысының кәсіпорындарында барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 33 адам зардап шеккен. Оның 31-і ауыр жағдайға тап болса, 2-уі мерт болды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 11,4 %-ға төмендеген», -деді Нұралы Баулыбаев.

 Айта кетейік, жыл басынан бері аймақтың 57 кәсіпорнында ҚР Еңбек Кодексінің соңғы өзгерістері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алайда кейбір кәсіпорындар еңбек инспекторының нұсқамасымен келіспей, жыл басынан бері 28 сот отырысы өтті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему