Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді
23 Сентября 2019 (10:48) | 2278 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан көрікті көшелердің біріне абыздың есімі берілді.
Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты.
Алматы жұртшылығын айтулы қуанышпен құттықтаған шаһар басшысы бұл шараның өз шығармаларымен мәңгі жасайтын қазақтың кемеңгер жазушысына берілген баға екенін айтты.
Сонымен қатар, Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Ә.Кекілбаев тұрған №118 үйге мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды.
Ал, кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтті.
Суреттер әлеуметтік желіден алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему