№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі республикалық байқау-конкурсының жеңімпазы атанды
11 Декабря 2018 (10:59) | 2629 | Автор: Нурганым Имашева
2018 жылдың 6-7 желтоқсанында Астана қаласында "2018 жылдың Үздік өрт сөндіру бөлімі" республикалық байқау-конкурсының екінші кезеңі болып өтті.
Байқаудың бірінші кезеңі өңірде жергілікті жерлерде өтті, онда өрт сөндіру депосының үй-жайларын, өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт сөндіру бөлімдерінің өрт-техникалық жарақтарын өлшемдер бойынша күтіп ұстау бағасы енгізілді.
Екінші кезеңіне қатысушылардың өзімен бірге: жеке құрамның өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді орындау бейнематериалдары, тиісті техникалық және қызметтік құжаттардың көшірмелері, материалдары бар фотоальбомдары таныстырылды (әрбір ӨА сыртқы түрі, ішкі бөліктерді қоса алғанда; сақтандыру ребордының, қарау шұңқырларының, ӨА тұрағының белгілері, ӨСБ қоршауларының фотосуреттері болуы тиіс).
Іс-шараның ресми ашылуында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р.Беккер бірінші кезекте жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыруға және бөлімшелерде тәулік бойы кезекшілік атқару жағдайын жақсартуға бағытталған жыл сайынғы өткізілетін конкурстың маңыздылығын атап өтті.
Байқаудың екінші кезеңі шеңберінде барлық қатысушыларға қарауылдық және гарнизондық қызметті ұйымдастыру мәселелерін реттейтін регламенттік құжаттарды білуге тестілеуден өту, сондай-ақ өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру кезінде өздерінің физикалық қасиеттерін көрсету қажет болды.
Байқаудың нәтижесінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі "Үздік өрт сөндіру бөлімі" 9-республикалық байқау-конкурсының 1 орын иегері атанды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Суреттерді ұсынған баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему