Мұнайлыда «Өзіне-өзі қызмет көрету» бұрыштарының саны көбейді
14 Сентября 2020 (09:30) | 4487 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Мұнайлы аудандық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы Роза Мугалова мәлім етті.
-Бүгінде аудан бойынша “Өзіне-өзі қызмет көрсету” бұрыштарының саны 42-і құрайды. Атап айтар болсақ ауыл мен ауылдық округ әкімінің аппараттарында - 7, аудандық бөлімдерде - 7, Басқұдық сауда үйінде - 1, аудандық мәдениет үйінде - 1, жалпы білім беру орта мектептерінде - 15, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында - 10, «Маңғыстау облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Мұнайлы ауданы бойыншы филиалында - 1.
Мемлекеттік қызметтер мен қажетті анықтамаларды халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тұрғылықты жеріңізге жақын орналасқан "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" арқылы онлайн түрде алған тиімді. Жыл басынан бері осы қызмет түрін пайдаланып қажетті анықтамалар мен қызметтерін алғандар саны - 2957», - деді Роза Мугалова.
Суреттерді түсірген баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему