Ақтаулық ювеналды полиция инспекторлары кәсіби мерекеге орай марапатталды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық ювеналды полиция инспекторлары кәсіби мерекеге орай марапатталды

13 Июня 2016 (12:24) | 6036 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жұма күні, 10 - шы маусымның кешінде Маңғыстау облыстық Ішкі Істер Департаментінің алаңында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жасөспірімдердің құқығы мен бостандығын қорғау жолында қызмет ететін – Ювеналды полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

 

Мерекеге орай өткен жиында Маңғыстау облыстық ІІД қарасты Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы сап түзеді.

 

Ювеналды полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің тарихына қысқаша шолу жасар болсақ, айтулы күн өз бастауын Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 19 тамызындағы №646 Жарлығымен бекітілген ҚР – да ювеналды әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасынан алады. Аталмыш құжаттың шеңберінде 2011 жылы 10 маусымда Ювеналды полиция бөлінісі қайта құрылып, биыл ҚР Ішкі істер органдарының Ювеналдық полициясына – 5 жыл толып отыр.

 

 

Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Жергілікті полиция қызметінің басшысы Амангелді Халмұрадов, облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов және Ақтау қалалық білім бөлімінің өкілі Мейрамгүл Сахаева және БАҚ тілшілері қатысты.

 

Алдымен кәсіби мерекелерімен Ювеналды полиция қызметкерлерін аймақ басшысы атынан облыс әкімінің орынбасары Б. Нұрғазиева құзу құттықтап, өңірдегі жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жолында атқарған қызметтері үшін тәртіп сақшыларына алғыс білдірді және   25 – тен аса Ювеналды полиция қызметкерлеріне аймақ басшысының Алғыс хатын табыс етті.

 

 

Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі Амангелді Халмұрадов:

Құрметті әріптестер! Бүгін Ішкі істер саласындағы ерекше қызметкерлердің мерекесі. Ерекше дейтін себебім - Ювеналдық полиция – кәмелетке толмаған жасөспірімдер – буыны бекімеген, ақыл тоқтата қоймаған еліміздің жас өскіндерін қоғамдық тәрбиелеу жолында үлкен қызмет атқарып келеді.

Ювеналды полиция білім беру басқармасымен және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, жастарды тәрбиелеу жолында орасан зор еңбек етуде.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Отбасыларыңызға - береке, дендеріңізге – саулық, қызметтеріңізге – жетістіктер тілеймін, - деп, бір топ инспекторларды Маңғыстау облыстық Ішкі Істер Департаменті басшысының Құрмет Грамотасымен марапаттады.

 

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында Ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе еңбек етіп жүрген сала мамандары да әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтауға арнайы келіп, бір топ мектеп инспекторларына өз басқармалары атынан және Ақтау қаласы әкімінің, қалалық білім бөлімінің Алғыс хаттарын табыстады.

 

Құттықтаушылар қатарында облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов және Ақтау қалалық білім бөлімінің өкілі Мейрамгүл Сахаевалар Ювеналды полиция қызметкерлеріне ізгі тілектері мен алғыстарын арнады.

 

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау саласында үш жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Айдарханов Болатбек Атамекен селолық округіндегі №7 орта мектепте инспектор қызметін атқарады. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу қызметіндегі жетістігі үшін ол салтанатты шарада облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

- Біздің бүгінгі кәсіби мерекеміз - Ювеналды полиция қызметінің құрылғанына – 5 жыл толуына арналған салтанатты шараның жоғары деңгейде өткеніне қуаныштымыз. Облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталуым – ол да бір менің қызметіме көрсетілген үлкен құрмет деп білемін.

 

 

Қоғаммен, ата-аналармен тығыз байланыс жасаудың арқасында бүгінгі таңда оқушылар арасында заңды бұзбау, тәртіпсіздік жасамау жөнінде біраз жұмыстар жасалуда. Мұнайлы ауданы бойынша жасөспірімдер арасында биылғы жылдың 5 айында өрескел құқықбұзушылық фактілері тіркелген жоқ,- деді Мұнайлы ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция аға лейтенанты Болатбек Айдарханов.

 

 

Маңғыстау облысы бойынша Ювеналды полиция қызметінің басшысы полиция майоры Эльвира Нұрғалиқызы Касанова:

- Облыс бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстар саны былтырғы 2015 жылғы осы мерзімде 30-ды құраса, биылғы 5 ай бойынша ол сан 14-16-ға азайды. Оның ішінде мектеп оқушылары арасында тәртіп бұзғандар жоқ, құқық бұзғандар – оқымайтындар және 16-18 жас аралығындағы колледж шәкірттері.

Қазіргі таңда біздің облысымызда 157 - Ювеналды полиция қызметкері бар, олардың 115 –і мектеп инспекторлары.

Біздің қызметкерлерімізді кәсіби мерекесімен құттықтап, қызметтегі жетістіктеріне Алғыс жариялап, марапаттағандары үшін, аймақ басшысына, Маңғыстау облыстық Ішкі Істер Департаментінің басшыларына және Жергілікті полиция қызметінің басшысына алғысымызды білдіреміз, - деп ризашылығын жолдады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему