«Батыс» өңірлік қолбасшылығының 500 жас сарбазы әскери ант қабылдады
3 Декабря 2018 (11:19) | 3934 | Автор: Нурганым Имашева
Мереке күні Ақтау, Атырау және Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында ағымдағы жылдың күз айларында шақырылған 500 жас сарбаз әскери ант қабылдау рәсімінен өтті.
Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы ретінде әскери қызметшілердің ата-аналары, туысқандары, Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті басқару органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қонақтардың назарына әскерилердің жауынгерлік даярлық элементтері бойынша көрсетілімдер ұсынылды.
Ақтаудағы 25744 әскери бөліміне мыңға жуық қонақ келген болатын. Шалғайдан келген ата-аналармен кездесуді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакиров өткізді.
Өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің командирлері ата-аналармен әңгімелесіп, барлық қызықтырған сауалдарына жауап берді, қонақтарды әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен таныстырып, казарламаларды, асханаларды, тренажерлық залдар мен оқу сыныптарын көрсетті.
-Дәл осы мейрам күні ант қабылдау мен үшін зор құрмет. Барша қазақстандықтарды «ҚР Тұңғыш Президенті» күнімен құттықтағым келеді! Біз Отанымыздың игілігі үшін өзіміздің әскери борышымызды адал орындайтынымыз туралы сенімді түрде айта аламын, - дейді Атырау қаласының 41433 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Эрик Каримов.
Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар ендігі кезекте жас мамандарды даярлау бағдарламасына сәйкес жауынгерлік үрдіске кіріседі. Жарты жылдан соң олар әскери мамандық иесі атанып, артиллерияшы, танкіші, атқыш, байланысшы лауазымдарында толыққанды Отан қорғаушылар мәртебесіне ие болады.
Қазіргі уақытта әскерге дене бітімі шыныққан, білімді, моральдық тұрғыда тұрақты бозбалалар келеді. Ардагерлер мен әскери бөлімдердің командирлері олар даңқты жауынгерлік дәстүрдің лайықты ұрпағына айналып, Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болатындарына кәміл сенеді.
Бұл ақжолтай жаңалықты біздің басылымға «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметі жолдады.
Суреттерді түсірген Басқарманың баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему