Шамадан артық салмақта жүк тасымалдаған көлік иелеріне 31 млн теңге айыппұл салынды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шамадан артық салмақта жүк тасымалдаған көлік иелеріне 31 млн теңге айыппұл салынды

26 Августа 2021 (16:43) | 1299 | Автор: Редакция

Ұлттық жол сапа орталығы қызметкерлерінің міндетіне ауыр жүк көліктерінің заңмен рұқсат етілген шамадан асырмай тасымал жасауын бақылау да кіреді. Әдетте бұл жұмыстар көліктік бақылау инспекциясымен атқарылады.

Маңғыстау облысында ауыр көліктердің шекті межеден асырып жүк тасымалдауы әлі күнге тыйылар емес. Осылайша, жолдың асфальт жабындысын бүлдіріп жатыр.

Трассаны бүлдірмеу үшін машинаға тиелген жүк салмағы 8-16 тоннадан аспауға тиіс. Алайда рейдтік бақылау кезінде жолда тоқтатылған көліктердің дені 10-20 тоннаға артық жүк алып келе жатады. Заң бұзған азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылады. Көлігі айыптұраққа қойылады.

«Биылғы жартыжылдықта жүк тасымалдаушыларға 31 млннан астам теңге айыппұл салынды. Тек қаңтар-маусым айлары аралығында 1 мың 338 ауыр жүк көлігі тексерілді. Заңмен бекітілген тәртіпті елемеген 305 тасымалдаушыдан 268 млн 251 мың теңге өндіріліп алынды. Бұл мәселені толық шешу үшін алдымен карьерлерден жүк тиеу кезінде шектеу қойылуы керек. Облыс көлемінде соңғы жылдары салынған трассалардың кейбірі мерзімінен бұрын бүлініп жатыр. Мәселен, «Шетпе-Жетібай» бағытындағы автожолдың қазіргі күйі көңіл көншітпейді» - деді ұлттық жол сапа орталығының инженері Бекмұрат Байдуллаев.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында  239 карьер жұмыс істеп тұр. 153-і ұлу тас өндіреді. Тағы 84-і қиыршық тас пен құм, соңғы екеуі тұз және бор карьерлері.

Жыл басынан бері жылжымалы бақылау бекетімен тексеруде 61 карьерлік жүк тасымалдаушыға 21 млнан астам теңгеге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, 65 жүк жөнелтуші тұлға 5 млн 236 мың теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.

«ЖАҰСО» баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему