Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 11 адам суға кетті
24 Сентября 2021 (18:27) | 1512 | Автор: Редакция
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Абдикадыров мәлім етті.
«Биыл 11 адам суға кетті. Тіркелген 11 фактінің 4-і тыйым салынған жерлерде орын алса, 6 суға шомылу үшін жабдықталмаған аймақта болған. Тағы 1 суға кету фактісі шомылуға рұқсат етілген «Самал» демалыс базасының аймағында орын алған. Сонымен қоса суға кеткен 1 бала және 19 ересек құтқарылды»,-деді Бекболат Абдикадыров.
Департамент мәліметінше, өткен жылы 9 адам суға кеткен. Оқыс оқиғалардың басым көпшілігіне азаматтардың судағы қауіпсіздік шараларын сақтамай, тыйым салынған жерлерде шомылуы себеп болып отыр.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған. Облыс бойынша биыл шомылу маусымында барлығы 654 рейд жүргізіліп, 154 мыңнан астам дана үгіт өнімі таратылды. Сонымен қатар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге Халықты жұмыспен қамту орталығынан 30 ерікті тартылған.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему