Маңғыстау облыстық сотының волейболшылары І орынды иеленді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының волейболшылары І орынды иеленді

21 Мая 2019 (10:49) | 1948 | Автор: Нурганым Имашева

«Маңғыстау-арена» спорт кешенінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті.

 

 

Облыстық біріншілік кубогіне ерлер командасынан құралған 11 команда қатысып, бақ сынасты.

 

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынның тұғырына судьялар мен сот қызметкерлерінен құралған Маңғыстау облыстық сотының тобы көтерілді. Екінші және үшінші орынды Маңғыстау облысы бойынша кірістер департаменті мен Қарақия аудандық әкімдігінің командасы өзара бөлісті. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломмен, кубоктармен марапатталды.

 

 

Әр топтық құрамада шебер ойын көрсетіп, оқ бойы оза шапқан бірнеше ойыншылар іріктеліп, республикалық жарысқа жолдама алды. Олар мемлекеттік қызметшілер күніне орай Павлодар қаласында өтетін республикалық жарыста бірігіп, бір командада Маңғыстаудың намысын қорғайды. Оның арасында сот жүйесінің қызеткерлері де бар. Атап айтсақ;

 

1. Қуантаев Дінмұхаммед, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы

 

2. Зәкір Темірлан, Жаңаөзен қалалық сотының сот приставы

 

3. Демегенов Олжас, Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

 

Жеңімпаз волейбол шеберлеріне сәттілік тілейміз!

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему