ЖАҢАӨЗЕНДІК АЗАМАТ «НҰР-ӘЛЕМ» СПОРТ КЛУБЫН АШТЫ
18 Августа 2021 (17:32) | 1404 | Автор: Редакция
Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі балаларды «Иппотерапия» арқылы емдеу әдісі өркендеп келеді. Практикада кеңінен қолданылып жүрген «Иппотерапия» сөзі грек тілінен аударғанда «жылқы» деген мағынаны білдіреді.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Самат Әлен ерекше балаларды өз қамқорлығына алып, "Нұр- Әлем" ат спорт клубын ашты. Ол 2015 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында «Иппотерапия әдісі бойынша оңалту негіздері» курсынан өткен. Самат мүмкіндігі шектеулі балалардың тірек-қимыл жүйесін емдеу үшін иппотерапия әдісін қолданып, оңалту-сауықтыру шараларын тегін ұйымдастырды.
Ол осы бағытта қарқынды жұмыс істеп, 2018 жылы Маңғыстау облысы паралимпиада, мәнерлеп жүру, ат спортының аға жаттықты ушысы болып тағайындалды.
Сондай-ақ 2018 жылы оның шәкірттері Шығыс Қазақстан облысында өткен Қазақстан Республикасы ат спорты федерациясының кубогына қатысты. Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында өткізілген жарыста маңғыстаулық қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Бүгінде Самат Әленнің шәкірттері халықаралық деңгейдегі додаларда да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему