Әскерилер Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтті
21 Марта 2022 (14:40) | 2212 | Автор: Редакция
Ақтау гарнизонының теңіз жаяу бригадасының жеке құрамы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын дәстүрлі түрде атап өтті.
Наурыз мейрамы - ежелден қалыптасқан жыл бастауы. Күн мен түн теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген мереке.
Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған Наурыз мерекесі теңіз жаяу бригадасында өз жалғасын тапты.
Әскери бөлімнің мерекелік іс-шараларының жоспарына сәйкес "арқан тартыс", "қазақша күрес", "асық ату", "қол күрестіру" және "кір тасын көтеру" секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында жиналған көпшілік қауымға "тұсау кесер", "шашу", "қыз ұзату" сияқты қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері де көрсетілді.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара 1 теңіз жаяу әскерлері батальонының ұжымы дайындаған көркемөнерпаздар концертімен аяқталды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему