Сот процесі және мемлекеттік тіл мәселесі
1 Августа 2018 (15:49) | 5016 | Автор: Нурганым Имашева
Сот процесінің негізгі сатысы саналатын азаматтық іс жүргізудің міндеті - істі уақытылы қарау және дұрыс шешу болып табылады.
Азаматтық процессуалдық Кодексінің 14 бабына сәйкес, сот ісін жүргізу тілін сақтау үшін құжаттар қай тілде түссе, сол тілде жүргізіледі. Яғни, құжаттар қазақ тілінде болса, сот ісі де қазақ тілінде, егер, орысша болса, онда сол тілде жүргізілуі тиіс.
Дегенмен, кейде құжаттар екі тілде келіп жатады. Бұл әрине, сот ісін жүргізу талабына келтіруде қиынға соғады. Берілген талап арызды қайтару арқылы кемшілікті жою мүмкіндігі заңда қарастырылғанымен, іс жүзінде арызды қайтару заңсыз болып саналады. Оның үстіне жеке тұлғалардың арызға қоса берілген құжаттарын іс жүргізу тіліне аударып әкелуі оңай шаруа емес, ол қаражатты және қосымша уақытты қажет етеді.
Негізінде, арыз қай тілде жазылса, құжаттар да сол тілде тіркелуі тиіс екендігін сотқа арызданушылардың көпшілігі біле де бермейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы Жарлығына сәйкес, жеке куәлік немесе паспорт орысша жазылса да, адамның аты-жөні мен тегін мемлекеттік тілде қаралатын істердің қағаздарында қазақ тілінде жазуға болатынын ескере отырып, адамның аты-жөнін мемлекеттік тілде қаралатын істердің қағаздарында қазақ тілінде жазуды қалыптастыру қажет.
Ақтау қаласының №2 сотының судьясы А.Толықбаева
Суреттер sputniknews.kz, Kazgazeta.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему