Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 09:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

1 Июня 2018 (20:38) | 6265 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақта «ауру – астан» дегенсөз бар. Яғни, деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтана білу маңызды. Сондай-ақ, тағам қауіпсіздігі нескеру керек. Әсіресе, жазмезгіліндеастан улану оқиғаларыжиілейді. Мұның бірден-бірсебебі – бау-бақшаөнімдерініңбақылаусызсаудағаөтіпкетуі. Оныңүстіне, мұндай өнімдердің көпшілігі сырттантасы малданады.

 

 

Қазіргі уақытта бақша өнімдері арасындағы қауын мен қарбыздан улану фактілері жиі кездеседі. Қарбыздар саудаға маусым айынан бастап түсуде. Бірақ тұрғындар бұл кездегі қарбыздардың көпшілігі қауіпті екендігін есінде сақтағаны жөн. Өйткені ерте піскен қарбыз құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс болады. Мамандардың айтуынша, ең жылдам пісетін қарбыз сұрыптарының өзі шілде айының соңына қарай пісуге тиіс. Сондықтан қарбыз жеудің қолайлы уақыты – шілде айының соңы мен тамыз айы. Бұл – өнімнің нағыз пісетін уақыты. Әрі осы кезде жергілікті өнімдер де саудаға шығады.

 

Тағы бір ескертетін жайт, ерте піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді тек қана арнайы дүкендер мен базарларда сатылған жағдайда тұтынған дұрыс. Себебі ол нысандарды қадағалау органдары үнемі тексереді.

 

Айта кетейік, нитратсыз бұл дақылдардың өсуі қиындау. Сол себепті де, шаруалар мұндай қоспаларды пайдалануға мәжбүр. Талап бойынша, нитраттың негізгі жарамды көрсеткіші қауында – 90 мг/кг, қарбызда – 60 мг/кг болу керек. Ал артық нитраттар бауыр, бүйрек ауруына, асқазанның қатерлі ісігіне, жүйке және жүрек-қан тамыр ауруларына алып келіп, иммунитеттің төмендеуіне негіз болады. Қарбыздан уланған адамның 1-2 сағаттың ішінде қызуы көтеріліп, басы ауырады және жүрегі айниды. Мұндай жағдайда бірден дәрігерге хабарласқан жөн.

 

 

 Жедел ішек инфекцияларының алдын алу үшін бау-бақша өнімдерінің сапасы мен оның дұрыс сақталғандығына ерекше мән беру қажет. Нитраттар қарбыздан бөлек, қырыққабат, қияр, сәбіз және көкшөптерде де жиі кездеседі.

 

Өнімді көп және тез арада жинау мақсатында жеміс-жидек пен көкөніске тыңайтқыштар қосылады. Оның бірі азот қышқылының тұзы – нитраттар. Тыңайтқыштың аз мөлшері біздің ағзамызға өз зиянын тигізбегенімен, олардың шектен тыс мөлшері өте қауіпті.

 

Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу үдерісінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Нитриттердің нитраттардан айырмашылығы, олар қан эритроциттеріне кері әсер етеді. Эритроциттердің құрамындағы гемоглобинмен нитриттер байланысып, метгемоглобин құрайды, бұл өз кезегінде оттегін тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады да нәтижесінде адам ағзасының оттегімен тыныс алуы нашарлайды.

 

Бұл, әсіресе, балаларға, егде жастағылар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті. Сондай-ақ, нитраттар аллергияға себеп болып, қалқанша безі, зат алмасу және орталық жүйке жүйелерін зақымдайды. Ал оның шектен тыс мөлшері улануға, кей жағдайда адам өліміне де әкеліп соқтырады.

 

 

Қарбыз құрамындағы нитраттарды анықтаудың бірнеше халықтық тәсілі бар. Егер өнімді қақ ортасынан бөлгеннен кейін бетінде ақ немесе сары талшықтар көзге көрініп тұрса, оны жеуге асығудың қажеті жоқ. Екінші тәсіл бойынша, қарбыздың мәйегін алып, ыдыстағы суға салған жөн. Су алқызыл түске боялса, бұл өнімнен мүлде бас тартқан абзал.

 

Қарбыз бен қауындарды таңдау кезінде қателеспес үшін ең бірінші заңсыз ұйымдастырылған базарларда сауда жасамауды әдетке айналдыру керек. Сондай-ақ, қарбыздарды жол шетіндегі сауда орындарынан сатып алуға болмайды, өйткені оларға автокөлік газдарының құрамында болатын ауыр металдар тез жиналады.

 

Мұндай қарбыздар түрлі жұқпалы ішек ауруына әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрауды да естен шығармаған жөн. Алайда елімізде мұндай талаптарға назар аударатындар шамалы.

 

Бүгінде жеміс-жидек сатушылар үлкен базарларды ғана емес, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын да, мөлтек аудандардағы көше бойын да жағалап, ісін дөңгелетуді әдетке айналдырған. Олардың барлығында бірдей зертханалық тексеріс қағазы мен рұқсат құжаты жоқ десек те болады.

 

 

Тұтынушы үшін ең қауіптісі де осы. Мұндай сауда орындарында қауын-қарбыздың басым бөлігі жерде домалап жатады. Ал бұл сауда талаптарына мүлдем қайшы. Десек те, Тұтынушылар құқығын қорғайтын мекеме жабайы сауда нүктелерінің барлығына бірдей тексеру жұмыстарын жүргізе алмайды. Яғни, тек шағым түскен орынға алдын ала ескерту беру арқылы ғана тексеруге мүмкіндік бар.

 

Тыңайтқыштардың күшімен өсетін қауын-қарбыздардың болатынын сатушылар да жасырмайды. Бірақ сатушылар «дәріленген» өнімдердің көбіне сәуір-мамыр айларында кездесетіндігін айтады.

 

Көкөніс, жеміс-жидек пен бақшалық өнімдерді сатып алу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, құрамындағы нитраттардың деңгейін анықтайтын ілеспе құжаттарын сұраған жөн.

 

Өз денсаулығың-өз қолыңда!

 

Баян Төлеубердіқызы Сатқанбаева Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам обьектілерін санитариялық -гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы

 

Суреттер Stan.kz, www.nce.kz, www.nce.kz, Kenester.kzсайттарынан алынды

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему