Маңғыстауда сот қызметкерлері жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 22:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда сот қызметкерлері жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

17 Ноября 2018 (09:46) | 2545 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасы» аясында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі мәселелері» талқыланды.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Хыдыр Бегалиев және бөлім басшылары, аудандық соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот қызметкерлері қатысты.           

 

Хыдыр Бегалиев:

-Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарына кірісуді тапсырған болатын. Латын әліпбиіне көшу - Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікте бейімделуіне барынша тиімді әсер етеді. Бүгінде әлемнің 80 пайызы латын әріптерін пайдаланды», - деп, қызметкерлерге латын қарпіне негізделген жаңа әліпбидің маңыздылығын түсіндірді.

 

 

Түсіндірме жұмысынан кейін қатысушылар латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне шолу жасап, барлығы 90 сот қызметкері  Жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты.

 

Осылайша құлақпен естігендерін алғаш рет латын әрпімен қағаз бетіне түсірген сот қызметкерлері өз әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Диктант қорытындысы жұмыс тобының мүшелерінің саралауынан өткен соң, бағаланып, облыстық құжаттама, архив және тілдер басқармасына жолданды.

 

Jańa álipbi – jańgyrýdyn qainary.

 

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему