«БАБАДАН ҮЛГІ – БАЛАДАН АМАЛ»
Курс валют в Актау
на 23/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
23 Ноября, 17:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«БАБАДАН ҮЛГІ – БАЛАДАН АМАЛ»

25 Мая 2018 (17:23) | 4385 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының құрметіне  Қарақия ауданы Құрық ауылының орталық мешітінде «Нұр Отан» партиясы МОФ депутаттық фракциясының мүшесі Қуанышбек Әбдірахман жылдағы дәстүрінен жаңылмай ауыз бекіткен жамағатқа арнап ауыз ашар берді. Ауызашарда мешіт имамы ораза жайлы уағыз айтып, ақсақалдар өнегелі әңгімелер айтты. Қ.Әбдірахман жуырда ғана тұсауы кесілген Ержан хазірет Төлегенұлының «Өсиетнама» (Ұрпаққа аманат) кітабын сыйға тартты.Ауыз ашарда Ержан хазіреттің рухына Құран бағышталып, дастархан оның атына беріліп жатқан садақа болып табылатындығы айтылды.

 

– Жақында ғана маңғыстаулық діни ғұлама Ержан хазірет Төлегенұлының «Өсиетнама» (Ұрпаққа аманат) кітабының тұсаукесері болған еді. Бұл кітап несімен құнды?! Кітапта ата-бабаларымыздың жолы, біздің қандай мектепті ұстанғандығымыз көрсетілген. Мұнда қазақ халқына беретін жеткілікті ілім, насихат бар.

 

Ержан хазіреткәкеміздің иманшарт, қырық парыз туралы терең түсінігі қарапайым тілмен жеткізілген. Оның бұл құнды дүниелері біз үшін тазалық жолының, ата-бабаларымыздан келе жатқан тасаввуф жолының саф қалпын сақтауымен және оны бізге қаз-қалпында ұсынуымен ерекше бағалы. Кітапта берілген қолжазбаларында адамға бойдағы нәпсісін жүгендей білуді, жан дүниесі кең, көпшіл болуды үйрететін құнды дүниелер қамтылған.

 

Адам, қоғам, имандылық, ұлттық құндылықтар шеңберіндегі руханияттық тәрбиеге Ержан хазірет кәкеміздің танымдық еңбегін үлгі ету. Бұқара халықты және жалпы көпшілікті оның еңбегіне таныс деңгейге жеткізу үшін салтымызды сақтай отырып, үзілген алтын шынжырды қайта жалғау бабаларымыз өсиет еткен ұлы даңғылмен жүру. Бір сөзбен қорыта айтар болсақ, «Бабадан үлгі – баладан амал» қағидасын ұстану, - деді Қуанышбек Спанұлы.

 

Суреттерді түсірген Серік Майемеров

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему