170-тен астам білім беру объектісіне Төтенше жағдай басқармасы тексеру жүргізді
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 19:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

170-тен астам білім беру объектісіне Төтенше жағдай басқармасы тексеру жүргізді

31 Августа 2022 (13:06) | 1106 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаев хабарлады.

 

Спикердің айтуынша, Департаменттің есебінде облыс бойынша барлығы 535 білім беру объектісі бар, оның ішінде ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айларында  172 жоспарлы тексерулер жүргізілген, яғни жалпы санның 32%-ы қамтылған.

 - Білім беру объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылау,  азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің назарын аударған негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Сондықтан да білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жан-жақты практикалық көмек көрсетіледі, - деді брифингке қатысқан Маңғыстау облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Сейталин.

Атап айтқанда, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 5 мыңнан астам адамды қамтитын  24 практикалық оқу-жаттығу және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша 150-ден астам нұсқама өткізген.

 Сонымен қатар,  250-ден астам білім беру мекемелері мен  сегіз мың оқушыны қамти отырып, 150-ден астам интерактивті сабақтар мен ашық сабақтар өткізген. Алдағы уақытта да, білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының кешені тұрақты негізде жалғасатын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему