Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті
22 Ноября 2021 (13:35) | 2379 | Автор: Редакция
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында “Жас қанат” спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында өткен дәстүрлі “Мемлекеттік лига. Күз-2021” атты шағын футболдан спорт сайысының финалдық ойындары аяқталды.
Тартысты доп додасының нәтижесінде 1-ші орын мен Чемпион кубогын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің командасы жеңіп алса, 2-ші жүлделі орынды Бейнеу ауданының әкімдігі алды, ал 3-ші орынды Маңғыстау ауданының әкімдігі місе тұтты.
Жарыстың жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлеген Мендалиев облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне және облыстық футбол федерациясына осы жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, жеңімпаздарды аумақтық департамент атынан құттықтады.
Жалпы бір айға жуық мерзімге созылған спорттық шараға мемлекеттік және құқық қорғау, әскери басқару органдары мен квазимемлекеттік сектор және бизнес саласы өкілдері 26 команда құрамында доп тепті. Қатысушы қызметкерлер саны 250-ге жуық болды.
Жеңімпаз командалар медальдар және кубоктармен марапатталса, ал аумақтық департамент ұжымына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевтың атынан осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болғаны және спорт саласына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етілді.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатындағы осындай спорттық бұқаралық шаралар одан әрі жүйелі түрде өткізілетін болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему