Облыста есірткіге тәуелді азаматтар азайған
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 23:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыста есірткіге тәуелді азаматтар азайған

2 Марта 2019 (09:41) | 2336 | Автор: Нурганым Имашева

1-наурыз – халықаралық есірткіге қарсы күн. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең.

 

 

Маңғыстау облыстық наркодиспансер көрсеткен дерек бойынша, биылғы жылдың ақпан айында өлкемізде нашақорлықпен есепте тұрған тұлғалар саны 1214 болып отыр. Ал Ақтау қаласында есірткіге тәуелді 8 жасөспірім тіркеліпті. Наркодиспансер мамандары 2010-2015 жж.қарағанда есірткі қолданушылар азайғанын алға тартады. 

 

Олардың айтуынша, облыста кең таралған есірткі түрі – каннабинойдтар. Қай есірткінің болмасын, денсаулыққа зияны көп. Бірақ есірткілер ішінен апиындар тобын бір шприцпен бірнеше рет қолдынылатындықтан, гепатит ВИЧ – инфекциясын жұқтыруға ықпал етеді. Апиындар көп мөлшерде пайдаланғандықтан, өлім жағдайына әкелетін кездер аз емес, дейді наркодиспансер мамандары.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» жергілікті филиалының медициналық қызмет көрсетудің сапасын бақылау бөлімі басшысы Баспаева Мадина Таңатбергенқызының айтуынша, барлық есірткі түрлері психикалық және физикалық тәуелділікке әкеледі, бәрі бірдей денсаулыққа аса қауіпті. Заңда есірткі түрлерінің атаулары көрсетілген. Есірткі тасымалдаған және қолданған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ең қауіптісі, есірткіге жай ғана қызыққан адам қалай тәуелді болып кеткенін байқамай қалады. Кейін бұл дертке тек науқас емес, оның жақындары да қинала бастайды.

 

* Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде мемлекет тәуелді науқастарды емдеу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда. Науқастарды Павлодар республикалық орталығында амбулаторлық және стационарлық тұрғыда жан-жақты емдейді. Бұдан бөлек, анонимді емдеу; сот шешімен еріксіз емдеу қарастырылған; Мұны ауру түрлері бойынша ҚР Заңнамасындағы өзгеріске сәйкес, денсаулық сақтаудағы мемлекеттік емес секторда емдеуге тыйым салған.

 

* Облысымызда есірткіге шалдыққандарға «Облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ МКК әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді. Диспансер мектеп жасындағы жасөспірімдер мен олардың ата-анасына санитарлық, әрі түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізеді. Мұнда есірткі қолданған-қолданбағанды тексеретін арнайы кабинет тәулік бойы жұмыс жасайды. Бұл проблеманы шешудегі ең бастысы дер кезінде «ЖОҚ» деп айта білу, - дейді Мадина Таңатбергенқызы. 

 

 

Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Сана-сезімі уланған адамның мінез-құлқы да күрт өзгереді. Бұрын момын,тұйық,өтірік айтпайтын адам өзгеріп,өтірік айтады,төбелесуге дайын тұрады.

 

Нашақордың белгісі қажетті дозасын қабылдаған күні мұрнынан су аға бастайды, адам санасы тез уланады. Адам есірткінің дәмін алғаш көргенде, ләззат алады, сосын ағзасы тез тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады,буын-буыны сырқырайды. Сөйтіп бара-бара тек ауырмау үшін іздейтін күйге жетеді.

 

Мемлекеттік емес ұйымдардың жүргізген сауалнамасы бойынша, елімізде әрбір оныншы адам өмірінде бір рет болса да есірткі пайдаланған көрінеді. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, әрбір азамат қарсы күрес жүргізіп, жан-жағына насихаттауы керек.

 

Аянгүл ЖҰМАШ,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының бас сарапшысы

Суреттерді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалы ұсынды және kz.otrar.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему