«Жол қозғалысының жас инспекторлары» өңірлік слеті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 03:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жол қозғалысының жас инспекторлары» өңірлік слеті

23 Мая 2018 (09:50) | 5424 | Автор: Нурганым Имашева

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аймақтағы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

 

 

Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының туындауының тежеуші факторы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізу болып табылады. 

 

Бұл мәселедегі басты назар, оның басты міндеті жолдағы балалар жарақатының алдын алу, балалар мен  жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережесін сақтауды насихаттау болып табылатын жол қозғалысының жас инспекторларының (әрі қарай ЖҚЖИ) мектептегі топтарының қызметін ұйымдастыруға бағытталады.

 

 

Жас инспекторлар қозғалысы топтарының қызметін жетілдіру, сонымен қатар балалар жол-көлік жарақатының алдын-алу жұмысын жандандыру мақсатында 2018 жылдың 15 мамырында Ақтау қаласындағы №8 И.Сүйеубаев атындағы орта мектепте  облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында облыстың ІІД Жергілікті полиция қызметінің Білім басқармасымен  бірлескен  Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысының жас инспекторларының 18-ші облыстық слеті өткізілді, онда облыстың ЖИҚ-ның қалалық және аудандық жеңімпаздары – 7 команда қатысты.

 

 

Слеттің бағдарламасына 8 конкурс енді:

1) саптық байқау;

2) Жол қозғалысы ережесінің білгірлері (бұдан әрі - ЖҚЕ;

3) велосипедті мәнерлеп жүргізу;

4) жас реттеуші;

5) жас санитар;

6)үгіт-насихат топтарының байқауы;

7) тапқырлар (эрудиттер) турнирі;

8) "Ашық үзіліс" байқауы  (білім беру органдарының  қызметкерлері-ЖИҚ топтарының жетекшілері  арасында).

 

 

Әрбір номинацияда 3 орын белгіленді, барлық байқаулардың нәтижесінде жалпы командалық біріншілікте 1-ші орынды №5 мектеп оқушыларынан құралған Мұнайлы ауданының  командасы иеленді.

 

2-орын – Ақтау қаласының командасы, №8 орта мектеп.

 

3-орын –Маңғыстау ауданының Жыңғылды селосындағы Е.Айшуақұлы атындағы  орта мектептің  командасы.

 

 

Облыстың слеттің жеңімпазы – Мұнайлы ауданының №5 орта мектебінің командасы Қызылорда қаласында 20-29 тамыз аралығында өтетін республикалық слетте Маңғыстау облысының атынан өз білімдері мен шеберліктерін көрсететін болады.

 

Бұл ақжолтай жаңалықты біздің басылымға Маңғыстау облысының Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі жолдады.

 

Суреттерді түсірген Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему