Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 03:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

23 Января 2018 (11:08) | 2286 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

 

 

Кеңес отырысына тәртіптік жауапкершіліктері қаралатын тұлғалар, есебі тыңдалатын мекеме басшылары мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Күн  тәртібінде барлығы 7 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Атап айтқанда, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Нуралиевке, Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Н.Жанбуршиевке және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары К.Оралбаева мен Бөлім басшысы А.Измуратоваға қатысты тәртіптік істер қаралды.

 

 

Бұдан басқа, мемлекеттік  қызмет, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы жөніндегі Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы О.Ізбасаровтың және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Исаның 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есептердегі мәселелер талқыланды.

 

Сондай-ақ, Кеңестің күн тәртібіндегі соңғы мәселе Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 2018 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды.

 

Кеңес отырысының нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері барлық тәртіптік іс құжаттарын талқылап, тәртіптік жауапкершілігі қаралған мемлекеттік қызметшілерге қатысты әр түрлі дәрежедегі тәртіптік жазаларды қолдану туралы шешімдер қабылдады.

 

Соның ішінде облыс деңгейінде өткізілген Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті, облыс және жол патрульдік полициясымен бірлескен рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Н.Жанбуршиевтың жол ережелерін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және әкімшілік құқықбұзушылық құжаттарын рәсімдеу барысында жергілікті полиция қызметкерлеріне қызметтік куәлігін көрсеткені үшін, Әдеп кодексінің талабына сәйкес қызметінен төмендету ұсынылды.

 

 

Бұдан кейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өндірісінде ҚР ҚК-ң 361 бабы 2 бөлімімен тіркелген қылмыстық іс бойынша басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайларға жол беру арқылы Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысы Б.Нұралиевтың тарапынан өзіне бағынышты қызметкер И.Кенбаев арқылы ЖШС-не заңға сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін қозғалған тәртіптік іс қаралып, тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тәртіптік іс өндірісі қысқартылды.

 

Келесі іс Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары К.Оралбаева мен Бөлім басшысы А.Измуратоваға қатысты қаралды.

 

Аталған лауазымды тұлғаларға қатысты орын алған заңбұзушылықтар аумақтық департаментпен азамат Сагиндыковтың өтінішіні негізінде жүргізілген тексеру барысында анықталды.

 

Әдеп  жөніндегі  кеңес  мүшелері тәртіптік іс құжаттарын зерделей келе, бұл заңбұзушылық Әдеп кодексінің нормаларын бұзылуына әкеледі деп тауып, лауазымды тұлғалардың әрқайсысына  «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдануға жатады деген шешімге келді.

 

 

Сонымен бірге, кеңесте Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы жөніндегі басшының міндетін атқарушы О.Ізбасаровтың және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Исаның 2017 жылы атқарған жұмысы туралы есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстардың қорытындыларымен кеңес мүшелерін таныстырып өтті.

 

Баяндалған есептер нәтижесінде алдағы уақытта орындалуы тиіс бірқатар жұмыстар мен атқарылатын шаралар жөнінде ұсыныстар қабылданды.

 

Кеңес соңында Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 2018 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.

 

Суреттерді түсірген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему