Бала тәрбиесі алимент төлеумен аяқталмайды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 06:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бала тәрбиесі алимент төлеумен аяқталмайды

21 Ноября 2017 (10:23) | 2081 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына бағалаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар» деп асыл сөзін арнаған.

 

 

Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт. Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

 

Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс - әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін - өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез – құлықтарды байқайды. Сондықтан ата – ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс - әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.

 

Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл - қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа.


Баланы мектепке апарып алып қайтар жолда сырласып әңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бала мектепте болған жайды әңгімелеп, достары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Балаға уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жауап беріп өз пікіріңізді ортаға салсаңыз ол баланың ойында дұрыс пікір қалыптастырады.

 

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.


«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.


«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

 

Ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өткір сұрақтардың бірі – алимент төлеу. Алимент деп біз көп жағдайда тек ажырасқан әкенің өз баласына төлуге міндетті ақысы деп білеміз. Алайда, алименттің басқа да түрлері бар. Бұл төлем тек әкеге ғана емес, сонымен қарат анаға да жүктелетіні көпшілікке жаңалық болуы мүмкін.

 

Алимент – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның оны алуға құқығы бар басқа адамға ұсынылатын міндетті ақшалай немесе материалдық асырау. Яғни, заң жүзінде бекітілген төлем. Көп адамдар отбасы кодексінің бар екенін біле бермейді. Дегенмен, маңызды тараптарды біліп жүрген артық болмайды.


Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес. Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиедегі балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы.

 

Алимент төлемеу – құқық бұзушылық және бәрінен бұрын баланың құқығын бұзу. Бұл мәселе кәмелетке толмаған балалар ерлі-зайыптылардың біреуі кеткен жағдайда жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138 бабында ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті делінген.

 

Ата-ананың алимент төлемеуінің қолайсыздығы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға қаражат сот тәртібімен өндіріліп алынады, және оның ай сайынғы мөлшері белгіленеді (ҚР-ның «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 139 бабы): бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Сондай-ақ, сот алимент мөлшерін кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

 

Бүгінгі күні кейбір азаматтар өздерінің ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарады, бала тәрбиесіне қатыспайды, мерекелерде оларға сыйлық сыйламайды, көп жағдайда балаларының тамақтануы және киімі жайлы ойламайды. 

 

Естеріңізде болсын: алимент төлемеу талап етілетін қаражатты уақтылы төлемегені үшін жауапкершілікке әкеп соғады (ҚР-ның «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 171 бабы). Осылайша, егер алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге міндетті адамның және (немесе) сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті адамның кінәсінен берешек пайда болған кезде кінәлі адам алимент алушыға кешіктірген әрбір күні үшін төленбеген алимент сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді.

 

Алимент төлемеудің тағы да бір салдары қылмыстық жауапкершілік болып табылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 136 бабына сәйкес, ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -  айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

Сот шешімі бойынша алимент төлеуге міндетті төлеуші еңбекақысын алғаннан кейін 3 жұмыс күнннің ішінде алимен төлеуге тиіс. Алимент төлемін түрлі жолдармен жүзеге асыруға болады. Бірақ ең оңай әрі ыңғайлы шешім – сот шешімін борышкердің жұмыс орнындаға есеп бөліміне тапсырып, алимент түсіп тұратын арнайы банк карточкасын жасатып алу. Сол кезде әр ай сайын алимент төлеушіден ақша сұрап тұрмайсыз.

 

Кодекстің 75-бабына сәйкес, егер ата-анасы алименттерді төлеуден бас тартса, онда олар ата-ана құқықтарынан айрылады. Алимент төлеуден бас тарту Заңмен қудаланады.

 

Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп пен ата-ана болып ынтымақтасып та атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.

 

Қалжанов Диас Рахметұлы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық

№2 соты кеңсесінің бас маманы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему