Маңғыстаулық полицейлер ұшатын аппараттардың көмегімен 100-ге жуық жол ережесін бұзғандарды анықтады
17 Мая 2018 (21:59) | 1926 | Автор: Нурганым Имашева
Облыстық ІІДепартаменті Баспасөз қызметінің хабарлауынша, маңғыстаулық тәртіп сақшылары аймақтық және республикалық маңызы бар тас жолдарда, сондай-ақ Ақтауда фото және бейнежазу функциясымен жабдықталған ұшатын аппараттар құрылғыларын қолдана бастады.
-Полицейлік ұшатын аппараттар жылдамдықты асыруды, қарсы жолға шығып кеткендерді және басқа да жол ережесін бұзғандарды тіркейді және деректер өңдеу орталығына енгізіледі. Кейінірек поштамен жүргізушіге айыппұл туралы хабарлама жіберіледі.
Негізгі міндет - патрульдеу, автокөлік қозғалысы ағымында жол қозғалысы ережелерін бұзатын, қауіпті маневр жасауға және басқа жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп тудыратын жүргізушілерді анықтау. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығымен ұшқышсыз ұшатын аспапты пайдалану туралы шешім қабылданды.
Ұшақтың әрекет ету радиусы - 50 шақырым (км). Үздіксіз жұмыс уақыты - 2,5 сағат. Құрылғының ұшу жылдамдығы 110 км / сағ, биіктігі екі шақырымға (км) дейін.
Ұшатын аппараттар (дрон) Ақтау-Жаңаөзен, Ақшұқыр-Сайын-Шапагат және жол-көлік апаттары жиі кездесетін учаскелерде қазірде қолданылуда.
Ұшатын аппараттарпен ағымдағы жылдың 4-8 мамыр аралығында 97-құқықбұзушылық анықталып, 699,855тг айыппұл салынған,- дейді полиция қызметкерлері.
ІІДепартаменті Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Ақтауда стационарлық бақылау камераларымен қатар, «Скат» мобильді бейнетіркегіш қолданылады. Оның орнын күнде өзгерту жоспарлануда. «Скат» нысанына түскен жүргізушілерді бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту 4 мамырдан басталды.
Бұдан бұрын полиция қызметкерлері құрылғыдан бұзушылықтар туралы ақпаратты жою мүмкін еместігін айтты.
«Скат» мобильді бейнетіркегішімен ағымдағы жылдың 4-8 мамыр аралығында 122 құқықбұзушылық анықталып, 1,467,050тг. айыппұл салынған».
Сурет dronetown.ru сайтынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему