Мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 23:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

30 Апреля 2018 (12:58) | 1580 | Автор: Нурганым Имашева

Облысымызға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің және арнайы мониторингтік топ өкілдерінің келуіне орай, облыс әкімдігінің алаңында облыстың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу ұйымдастырылды.

 

 

Мемлекеттік қызметшілермен кездесуді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Сакеев ашты. Ал өңірге іссапармен келген арнайы мониторингтік топ өкілдерін Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Н.Жанназарова таныстырды.

 

Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің директоры Р.Төлебаев мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің рөлі, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігі туралы, әдеп жөніндегі уәкіл институты жөнінде, осының нәтижесінде мемлекеттік қызметке деген халықтың сенімінің артқаны туралы  әңгімеледі.

 

 

Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі, қоғам қайраткері А.Соловьева бүгінгі қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу үшін оның алдын алудың маңызы зор екенін әңгімелеп, сотталғандардың өмірі туралы видеоролик көрсетті.

 

Жемқорлық қылмыс жасағандардың барлығының басына түсетін – қылмыстық жауапкершілікке тарту, бас бостандығынан айыру сияқты ауыр жағдайларды боямасыз көрсеткен әлеуметтік бейнеролик көрермендерді ауыр ойға жетеледі. Міне, осы сияқты материалдар сыбайлас жемқорлық көріністеріне нақты тосқауыл қоятыны анық.

 

 

А.Соловьева мемлекеттік мекемелерде смартфондарға тыйым қою мәселесін алып тастауды ұсынды. Мысалы, мемлекеттік қызметшілер таңның атысынан күн батқанға дейін жұмыста, смартфон қолда болмайды. Осы уақытта олардың балаларына немесе қартайған ата-аналарына бір жағдай болып, көмек керек болуы да мүмкін. Айгүл Сағадибекқызының ойынша, бүгінде мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үймен және жермен қамтамасыз ету, ақысыз медициналық қызмет көрсету өткір мәселе болып отыр.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің бас маманы А.Қозбағаров мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде медициналық қызметтер туралы әңгімелеп, өңірлердегі ХҚО жұмысын мысалға келтірді.

 

 

«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының басқарма төрайымы, «Қоғамдық әлеуметтік-демократиялық партиясы» саяси кеңесі президиумының төрайымы З.Батталова, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының Париялық бақылау департаментінің басшысы Н.Баймурзаев пен Арнайы мониторингтік топтың мүшесі, дизайнер Ы.Тұрсынзада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізу саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, кездесуді қорытындылады.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы бойынша МҚІжСЖҚД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген МҚІжСЖҚД баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему