Жетім балаларға үй берілді
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 05:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жетім балаларға үй берілді

13 Декабря 2016 (22:39) | 2011 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Бүгін Ақтау қаласы 32 А шағынауданындағы көп пәтерлі 2 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. 120 пәтерлі екі тұрғын үй өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен салынды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесін жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерде қарсы алады. Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй алуға 5 мыңға жуық адам кезекте тұр. Оның ішінде, 2 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобы. Соның ішінде 500 жетім-жесір мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

Қызыл лентаны Қазақстан Республикасы Дін істері мен азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қиды.

-Тәуелсіздік жылдары ішінде облыстағы тұрғындар саны екі есеге, 340 мыңнан 638 мың адамға дейін өсті. Сондықтан, маңғыстаулықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету біз үшін басты басымдық болып табылады. Тұрғын үй – негізгі әлеуметтік көрсеткіш. Мысалға, 25 жыл ішінде облыста 6,3 млн шаршы метр тұрғын үй берілді. Салыстырып қарасақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тапсырылған тұрғын үйлер көлемі 116 мың шаршы метр болса, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 5 есеге өсіп, 645 мың шаршы метрді құрады. Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында біз 32 А шағынауданындағы көп пәтерлі 2 жаңа тұрғын үй пайдалануға біз бердік. Осы 16,6 мың шаршы метр тұрғын үйдің ішінде, отбасымен бақытты өмір сүруге барлық жағдай бар екенін сеніммен айта аламын, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, тұрғындарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімінде. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему