Маңғыстаулық палуандар Ел Біріншілігінен 3 қоламен оралды
19 Марта 2018 (20:19) | 1943 |
Автор: Нурганым Имашева
Самбо күресінен 1998-1999 жылы туған жастар арасындағы Қазақстан Републикасының Чемпионаты Қызылорда қаласында 16-18 наурыз аралығында өтті.
Дүбірлі додаға елiмiздiн бар аймағынан 300 спортшы қатысты.
Маңғыстаудағы «Жас Батыр» спорт мектебінің жас палуандары да аталған жарысқа жеңістен дәмеленіп аттанған болатын.
52 кг cалмақтағы маңғыстаулық спортшы Құлқаев Аманбек ел Чемпионатында 5 белдесу өткізді. 3 – ші орын үшін күресінде Ақтөбе облысы палуанын жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
82 кг салмақтағы Мадиев Бейбіт 5 белдесуге қатысты. Ол үшінші орын үшін Қарағандылық палуанды жеңді.
90 кг салмақтың иесі Алихуджаев Абдувахаб - 3 орынды қанағат тұтты.
Балуандарды жарыска дайындаған «Жас Батыр» спорт мектебінің бапкерлері Берiк Жұмағалиев пен Жанғали Нұрдаулетов.
Cуреттерді түсірген «Жас Батыр» спорт мектебі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему