Жаңаөзен қаласында үрмелі спорт нысаны бой көтереді
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 01:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзен қаласында үрмелі спорт нысаны бой көтереді

28 Сентября 2021 (12:31) | 1316 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев мәлім етті.

 

Оның айтуынша, жаңа ғимарат Жаңаөзен қаласында «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілігімен салынады. Жоба құны барлығы 240 млн теңгені құрап отыр. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 «Жаңаөзен қаласында жалпы спорт саласындағы 10 жоба қолға алынған. Оның 2-уі - спорт зал құрылысы, жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Айта кетейік, спорттық нысандар Маңғыстау облысының басқа да аудандарында салынып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы «Бокс орталығы» ғимараты, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылындағы «Сүлеймен Промоушен» спорт кешендері», - деді Қанат Жұмабаев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему