Ақтауда 35 қабатты көпфункционалды кешен салынады
14 Марта 2018 (09:40) | 1504 | Автор: Нурганым Имашева
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған Маңғыстау делегациясының БАӘ-ге іс-сапары аясында «Көп қабатты көпфункциялы кешенді салу» жобасын жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ақтау қаласында тұрғын үй кешені, бизнес орталықтар мен қонақ үйді қамтитын 35 қабатты ғимарат салынады. Құжатта көрсетілгендей, құрылыс жобасындағы жұмыстар цифрлық технология элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмектеседі. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін қазақстандық құрылыс компаниялары мен құрылыс материалдарын өндірушілер де тартылады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему