Ақтауда «Жастар-Елбасымен бірге» атты өңірлік жастар форумы өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 21:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Жастар-Елбасымен бірге» атты өңірлік жастар форумы өтті

28 Апреля 2019 (09:35) | 3757 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығында «Жастар-Елбасымен бірге» атты өңірлік жастар форумы ұйымдастырылды.

 

 

Әлем картасында ойып тұрып орын алған Тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолында Ел басқарған Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлының кемеңгерлік жолын, маңызды шешімдерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен шараға облысымыздағы белсенді жастар, оқу орындарының, мекемелер мен кәсіпорындарының ең белсенді деген жастары, қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер, шығармашыл жастар, еріктілер қатысты.

 

Форумда «Fortebank» МОФ директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев Елбасының әлемдік қауымдастықтағы беделі мен ел игілігіне үлес қосқан мемлекеттік бағдарламалары жайында сөз қозғаса, түркітанушы, геолог Бекболат Төлегенұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының өркениет бәсекесіндегі табысты ел болуымыздың алғышарты екенін түсіндірді.

 

 

Маңғыстау облыстық «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі жастар қанатының және «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының мүшесі Тимур Цой Елбасының қазақстандық тұтастықты сақтауға қызмет етіп, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру жолында елдегі этносаралық келісімді қамтамасыз еткен «Қазақстан халқы Ассамблеясын» құру идеясының бүгінгі жемісі туралы ойымен бөлісті.

 

«Назарбаев зияткерлік мектебінің» педагогы Сарманова Ақгүл еліміздегі білім саласында маңызды реформалар мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» туралы баяндады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему