Маңғыстау облысының халқының саны 680 мыңнан асты
3 Мая 2019 (09:16) | 7248 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы бүгін «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысы Статистика департаментінің басшысы - Римма Утюшева баяндады.
Басшының мәлімдеуінше, 2019 жылғы 1 наурызға облыстағы халық саны 681 469 адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 270 947 (39,8%), ауылдықтар – 410 522 адам (60,2%). 2019 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3 241 адамға немесе 0,5% өсті.
2019 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінде Маңғыстау облысында 3115 нәресте туылды, оның ішінде ер бала - 1609, қыз - 1506 , соның ішінде: Ақтау қ. - 868 (439/429), Жаңаөзен – 697 (380/317), Бейнеу ауданында - 351 (180/171); Қарақия ауданында - 180 (85/95), Маңғыстау ауданында - 171 (91/80), Мұнайлы ауданында - 704 (359/345), Түпқарған ауданында - 144 (75/69) нәресте.
-Осы кезеңде облыста 466 адам қайтыс болған, оның ішінде: Ақтау қ. - 183 адам, Жаңаөзенде - 82 адам, Бейнеу ауданында - 49 адам, Қарақия ауданында - 24 адам, Маңғыстау ауданында - 26 адам, Мұнайлы ауданында - 75 адам, Түпқараған ауданында - 27 адам.
Қаңтар-ақпанда облыс халқының табиғи өсуі 2649 адамды құрады, соның ішінде: Ақтау қ. - 685 адам, Жаңаөзен - 615 адам, Бейнеу ауданында - 302 адам, Қарақия ауданында - 156 адам, Маңғыстау ауданында - 145 адам, Мұнайлы ауданында - 629 адам, Түпқараған ауданында - 117 адам,-деді облыстық Статистика департаментінің басшысы - Римма Утюшева
Суреттер «Өңірлік Коммуникациялар Қызметінен» және www.babyprint.kz, www.mp-studio.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему