АТЫРАУДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
31 Августа 2026 (12:57) | 1
|
Автор: Абдрасул Абдрашит
Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық шаралары жалғасуда. Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетілді.
Ізгі шара «Halyk Bank» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Әскери қызметшілердің мектеп жасындағы балаларына жаңа оқу жылын қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында мектепке қажетті заттар табысталды.
Балаларға мектеп сөмкелері, дәптерлер, қаламдар және басқа да оқу құралдары берілді. Әскери бөлім командирі, полковник Самет Құлахметовтың айтуынша, балаларға көрсетілген әрбір қолдау олардың білімге деген ынтасын арттырып, болашаққа сенімді қадам басуына ықпал етеді.
– Балаларға көрсетілген әрбір қолдау олардың білімге деген ұмтылысын арттырып, болашаққа нық қадам басуына мүмкіндік береді. Мұндай игі бастамалар әскери қызметшілердің отбасыларын әлеуметтік қолдаудың маңызды бөлігі болып табылады, – деді ол.
«Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіліп, балаларды қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған.
Ұлттық ұланның әскери бөлімдері дәстүрлі түрде бұл қайырымдылық бастамадан шет қалмай, балаларға қолдау көрсетуге және жаңа оқу жылы қарсаңында оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бағытталған игі шараларға белсенді қатысып келеді.
ҚР ҰҚ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz





