Қарақия ауданының елді мекендерінде тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелері ескертілуде
2 Марта 2018 (22:15) | 2356 |
Автор: Нурганым Имашева
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында«Төтенше жағдайлар бөлімі», «№2,№11 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы», «Жергілікті полиция қызметі» бірлесіп,күшейтілген түрдеҚарақия ауданының елді мекендеріндеүгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның тұрғындары арасында тұрмыстық жағдайда табиғи газды, үй жылыту қазандығы және газ пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуы және алдын алуы қатаң ескертіледі.
Үйдегі өрт қауіпті заттарды асыра пайдаланбауға, жылыту қазандығын дұрыс орналастыруға және оны дұрыс пайдалануға, егер өрт болғанда немесе төтенше жағдай болған кезде «101», «112» телефондары арқылы уақытылы көмек шақыру т.б жөнінде өздері мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін әрдайым сақтықпен қадағалап жүрулерін ескертеді.
Сондай-ақ үйдегі кішкентай балаларды қараусыз қалдырмай, оттық немесе басқада өрт қауіпті заттарды пайдалану кезінде абай болуларын ескертеді.
Қарақия аудандық ТЖБ бастығының м.а. азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Елшібаев
Суреттерді түсірген Қарақия аудандық ТЖБ
Зарегистрируйтесь или войдите в систему