Маңғыстау облыстық сотына – 50 жыл
31 Марта 2023 (17:18) | 2585 | Автор: Редакция
Достық үйінде Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз және Маңғыстау облыстық сотының құрылғанына 50 жыл толуына орай салтанатты жиын өткізілді.
Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, өңірдегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, судьялар, сот жүйесінің ардагерлері мен сот қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиын соттың тарихынан сыр шерітетін фото-көрмемен басталып, арнайы түсірілген бейнеролик көрсетілді.
Іс-шарада сөз алған Нұрлан Ноғаев «Заң аясында шешім қабылдау-әр судьяның міндеті. Ең бастысы әділдік, әділ шешім»,-деп қатысушыларды Маңғыстау облыстық сотының 50 жылдық меретойымен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Одан әрі Бек Әметов Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының 1973 жылғы 23 наурыздағы Жарлығымен құрылған Маңғыстау облыстық сотының тарихына және нақты мақсат пен жүргізілген жүйелі реформаның негізінде қол жеткен жетістіктеріне тоқталып, өңір соттарының жандануына, ілгерілеуіне өлшеусіз үлес қосқан сот жүйесі ардагерлерінің есімдерін атап өтті.
Сондай-ақ, Бек Әметов «Маңғыстау облыстық сотының құрамында 5 аудандық сот, 3 қалалық сот, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты, тергеу соты, экономикалық сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты, қылмыстық істер жөніндегі соты жұмыс жасайды. 2021 жылы Маңғыстау облысының мамандандырылған әкімшілік соты ашылып, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды, яғни мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы дауларды қарауда. Қазіргі таңда мұнда 70-ге жуық судья, 207 маман мен қызметкер жұмыс істейді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ауызбіршілікте қолға алған әрбір ісіміз абыройлы, бастамаларымыз берекелі болсын», - деді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында сот жүйесінің ардагерлері құттықтау сөз сөйлеп, қызметтегі естеліктерімен бөлісті.
Саланатты жиын барысында Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлажар Бақытжанова «Жақсы адамдарым» әнін әуелетсе, Маңғыстау облыстық сотының судьялары Нұрсапа Примашев, Руслан Қабиев және сот қызметкерлері Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен көрермендерге шашу шашты.
Одан әрі сот қызметкерлері саналы ғұмырының сарқылмас бөлігін сот жүйесінің дамуына арнап, ұзақ уақыт бойы сот жүйесінде үздіксіз еңбек еткен сот жүйесінің ардагері Итемген Орынбайұлы туралы «Әділет жолында» атты көрі ністі сахналады.
Іс-шара әр жылдары Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, Ақтау қаласының №2 сотының судьясы, Мұнайлы, Бейнеу аудандық соттарының судьясы, Ақтау гарнизонының әскери сотының төрағасы қызметтерін атқарған Марат Алдабергеновтің Президент Жарлығымен Бейнеу аудандық сотының судьясы қызметінен орынан түсуіне байланысты шығарып салу рәсімімен жалғасты.
Марат Алдабергеновке әріптестері «Қызметке келу бір, ал қызметтен абыроймен кету бар»,- демекші ақ жарма тілектерін арнады.
Салтанатты жиын соңында өңір соттарының судьялары, сот қызметкерлері кішкентай бүлдіршіндермен қосылып, «Мен қазақпын» әнін шырқады.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему