Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерлері мамандық бойынша дайындықты аяқтады
11 Июля 2022 (18:02) | 1929 | Автор: Редакция
«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері құрамасыныңжеке құрамы бір ай көлемінде 1500 жауынгерді мамандық бойынша дайындады.
Жазғы оқу кезеңі басталысымен барлық санаттағы әскери қызметшілерге жеке құрамның атқарып отырған лауазымы көлемінде функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша дайындық аяқталды.
Осы мақсатта 70 оқу тобы құрылып 200-ге жуық үздік әскери қызметші нұсқаушы ретінде жұмылдырылды. Сабақтар барысында жеке құрамның қару мен жауынгерлік техниканы іс жүзінде қолданыу мен алғашқы медициналық көмек көрсетуге көңіл бөлінді
– Теңіз жаяу әскері құрамасындамамандық бойынша дайындық бөлімше командирлері мен сержанттардың басшылық етуімен жүргізілді. Сабақтарды сапалы өткізу үшін әрбір әскери мамандық бойынша оқу топтары құрылып, жан-жақты дайындалған әскери қызметшілер қатарынан нұсқаушылар анықталды. Бүгінгі күні жалпы саны 1500-ға жуық жауынгер 70 оқу тобы бойынша 200-ден аса тәжірибелі сержанттардың жетекшілігімен тәлім алды, – деді құрама командирі гвардия подполковнигі Жаннұр Сатқынов
Мамандық бойынша даярлықтың басты мақсаты жеке құрамға өзінің лауазымдық міндеттеріне тиісті білімді беру, штаттық қару-жарағы мен әскери техникасын оқу және атыс қаруын қалыпты ұрыс жағдайына келтіруді үйрену болып табылады.
Әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының келесі кезеңі бөлімшелердің, взводтардың, жауынгерлік атысымен жалғасатын болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему